2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Жамбыл облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 21-2 шешімі
(2007.30.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 26 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Жамбыл облыстық мәслихатының 2007.30.03. № 22-4 шешімімен 1-тармақ өзгертілді
1. 2007 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 42902162 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 7047770 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 29443 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 10000 мың теңге;
трансферттердiң түсiмдерi - 35814949 мың теңге;
2) шығындар - 43165938 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -263776 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - -886914 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 310000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1196914 мың теңге;
5) бюджет профициті - 623138 мың теңге;
6) бюджет профицитті пайдалану - -623138 мың теңге.
2. 2007 жылға жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері:
аудандар мен Тараз қаласының бюджеттеріне келесі мөлшерде белгіленсін:
Байзақ ауданына - 50,0 пайыз;
Жамбыл ауданына - 30,0 пайыз;
Жуалы ауданына - 100,0 пайыз;
Қордай ауданына - 30,0 пайыз;
Т.Рысқұлов ауданына - 30,0 пайыз;
Меркі ауданына - 30,0 пайыз;
Мойынқұм ауданына - 20,0 пайыз;
Сарысу ауданына - 40,0 пайыз;
Талас ауданына - 50,0 пайыз;
Шу ауданына - 30,0 пайыз;
Тараз қаласына - 30,0 пайыз;
аудандардан (қаладан) облыстық бюджетке келесі мөлшерде белгіленсін:
Байзақ ауданынан - 50,0 пайыз;
Жамбыл ауданынан - 70,0 пайыз;
Қордай ауданынан - 70,0 пайыз;
Т.Рысқұлов ауданынан - 70,0 пайыз;
Меркі ауданынан - 70,0 пайыз;
Мойынқұм ауданынан - 80,0 пайыз;
Сарысу ауданынан - 60,0 пайыз;
Талас ауданынан - 50,0 пайыз;
Шу ауданынан - 70,0 пайыз;
Тараз қаласынан - 70,0 пайыз.
3. Облыстық бюджет түсімдеріне:
қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ақы түсімдері;
жер үсті су көздері ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ақылары;