Мемлекеттік коммуналдық мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаларға беру (бекіту), өтеусіз пайдалану, сенімді басқару, жалға беру мәселелерін реттейтін құқықтық актілер туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 сәуірдегі № 445 қаулысы (2007.16.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Мемлекеттік коммуналдық мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаларға беру (бекіту), өтеусіз пайдалану,
сенімді басқару, жалға беру мәселелерін реттейтін құқықтық актілер туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 сәуірдегі № 445 қаулысы

(2007.16.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-II Заңының 27-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес, «Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3-ақпандағы № 118 қаулысын орындау үшін, коммуналдық меншік болып табылатын мемлекеттік мүлікті пайдалану және басқару мәселелерін реттейтін ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді заңнамалық актілерге сәйкес келтіру және коммуналдық меншікті тиімді басқару саясатын жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бекітілсін:

1) Мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін (мүліктерін) мүліктік жалдауға (жалға) беру ережесі (1 қосымша);

2) Мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін сенімді басқаруға беру ережесі (2 қосымша);

3) Мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін жедел басқару құқығына немесе шаруашылық жүргізуге беру, сондай-ақ заңды тұлғаларға уақытша өтеусіз пайдалануға беру (бекіту) ережесі (3 қосымша).

4) «Кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сенімді басқаруға беру Ережелерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2000 жылғы 9-наурыздағы № 819, Шығыс Қазақстан облысы әділет басқармасында 2000 жылғы 29-наурызда № 285 тіркелген шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.Н.Сухоруковаға жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

 

Облыс әкімi

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының

2004 жылғы 26 сәуірдегі

№ 445 қаулысына 1 қосымша

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.