ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2006.12.12. № 99/22 ШЕШІМІ БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ

2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Павлодар облыстық мәслихатының (III сайланған XXII сессиясы)
2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 99/22 шешімі

(2007.13.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 жылғы 13 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексінің 85-бабына сәйкес облыстық мәслихат шешім етеді:

Павлодар облыстық мәслихатының 2007.23.01. № 3/23; 2007.13.04. № 17/24 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) шешімдерімен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2007 жылға арналған бюджет 1-қосымшаға сәйкес мына көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 43109117 мың теңге, соның ішінде:

салық түсімдері - 14166612 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 93852 мың теңге;

трансферттерден түсетін түсімдер - 28848653 мың теңге;

2) шығындар - 42850746 мың теңге;

3) операциялық сальдо - 258371 мың теңге;

4) таза бюджеттік кредит беру - -1547307 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 1002000 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 2549307 мың теңге;

5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 111265 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 318265 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 207000 мың теңге;

6) бюджеттің профициті - 1694413 мың теңге;

7) бюджеттің профицитін пайдалану - 1694413 мың теңге, соның ішінде:

қарыздардың түсуі - 730000 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 2829957 мың теңге;

бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 405544 мың теңге.

2. Облыстың аудандары мен қалаларының бюджеттеріне салықтардан түсетін түсімдердің жалпы сомаларының 2007 жылы бөлінуі мына мөлшерлерде:

жеке табыс салығы бойынша:

Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качиры, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларына - 100 пайыз;

әлеуметтік салық бойынша:

Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качиры, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына - 100 пайыз болып бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.