6. Дауларды қарау тәртібі
6.1. Осы Шарт бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар туындаған дауларды соттан тыс шешу үшін барлық шаралар қолдануға міндеттеме алады.
6.2. Туындаған даулар бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен сотта қаралуы тиіс.
7. Өзге де талаптар
7.1. Осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттемелер индоссамент жасау кезінде мақта қолхатында көрсетілген көлемде мақта қолхаты бойынша құқықтарды берумен бірге беріледі. Бұл ретте индоссат индоссамент жасаған сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде МӨҰ-ға мақта қолхаты бойынша құқықтарды қабылдағаны туралы хабарлайды.
7.2. Осы Шартты орындау үшін МӨҰ жұмысқа тартқан қызметкерлерді қоспағанда, МӨҰ осы Шарттың немесе Тапсырыс беруші ұсынған немесе оның атынан басқа тұлғалар ұсынған оның қандай да бір ережелерінің бірінің, сондай-ақ техникалық құжаттаманың, үлгілердің немесе ақпараттың мазмұнын біреуге Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз ашуға тиіс емес. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада ұсынылуы тиіс.
7.3. МӨҰ Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін біреуге толығымен де, ішінара да бермеуі тиіс.
7.4. Шартқа барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады, жазбаша түрде ресімделуі, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоюы және мөрлермен бекітілуі тиіс.
7.5. Осы Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың осыған өкілеттік берген өкілдері тиісті түрде қол қойған жағдайда олар жарамды болып табылады.
7.6. Осы Шарт әрбір Тарап үшін бір данадан бірдей заңды күшке ие 2 данада жасалған.
8. Тараптардың деректемелері мен қолдары
Тапсырыс беруші МӨҰ
Шитті мақтаны мақта талшығы етіп
бастапқы өңдеу шартының үлгі нысанына
1-қосымша
200__ж. «___»_______________№____шартқа
шитті мақта және шитті мақтаны бастапқы өңдеу
өнімдерінің сандық-сапалық көрсеткіштері, шитті мақтаны
бастапқы өңдеу өнімдерінің шығым нормативтері, шитті мақтаны
мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметтің құны
200__ж. «___»_______________№____
1. Бастапқы өңдеуге берілетін шитті мақтаның
сандық-сапалық көрсеткіштері