2003 жылғы 28 сәуірдегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА (Минск қ. 2006 жылғы 23 маусым)

2003 жылғы 28 сәуірдегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
(Минск қ. 2006 жылғы 23 маусым)

 

2008 жылғы 22 сәуірдегі № 27-ІV ҚР Заңымен ратификацияланды

2017 жылғы 25 қаңтарда күшіне енді

 

2003 жылдың 28 сәуіріндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына (бұдан әрі - ұйым) мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру туралы келісімге тиісті өзгерістер енгізу қажеттігін негізге ала отырып,

төмендегілермен келісті:

 

1-бап

 

Келісімнің 3-бабында «Ресей Федерациясы Темір жол әскерлерінің Федералдық қызметіне (бұдан әрі - Ресей ТӘФҚ)» деген сөздер «Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне (Темір жол әскерлерінің қолбасшылығы)» деген сөздермен ауыстырылсын.

 

2-бап

 

Келісімнің 4-бабында «Ресей ТӘФҚ» деген сөздер «Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі (Темір жол әскерлерінің қолбасшылығы)» деген сөздермен ауыстырылсын.

 

3-бап

 

Осы Хаттама Келісімнің 22-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.