«Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже»
2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 29 қарашадағы № 3/5 шешімі
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының «Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже» 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 (тіркеу № 2223, 2005 жылғы 26 наурыздағы «Дидар» газетінің № 30-31, 2005 жылғы 19 наурыздағы «Рудный Алтай» газетінің № 42-43 сандарында, «Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ереже» 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тіркеу нөмірі 5-1-63, 2007 жылғы 21 маусымдағы № 34/3 шешіміне енгізілген өзгерістермен 2007 жылғы 26 шілдедегі «Дидар» газетінің № 88-89, 2007 жылғы 28 шілдедегі «Рудный Алтай» газетінің № 113 сандарында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: