Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы
12 қазандағы № 288 бұйрығына
8-қосымша
ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 91 Бұйрығымен күші жойылды
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандарты
«Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу
және қайта тіркеу туралы, заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына енгізілген
өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу туралы құжаттарды ресімдеу»
(2009.12.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік тiркеу субъектiлерге заңды тұлға мәртебесiн беру тәсiлi болып табылады (бұдан әрі - мемлекеттік тіркеу). Субъектілердің заңды тұлға құқығын иеленуінің ресми айғағы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне заңды тұлға туралы деректердi енгізу және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) берілген мемлекеттік тiркеу туралы куәлiгі болып табылады.
Тiркеу барысында заңды тұлғаны құрудың, филиалды немесе өкiлдiкті ашудың мақсатқа сай екендігі назарға алынбайды, оның өндiрiстiк-шаруашылық және қаржылық қызметiн бақылау және оған араласу көзделмейді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
ҚР Әділет министрінің 2009.12.02. № 14 Бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4625 болып тіркелген) негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет аумақтық әділет органдарымен (бұдан әрі - уәкілетті орган) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі.