(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЕҢБЕК КӨШІ-ҚОНЫ ЖӘНЕ...ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ 1994.15.04

Еңбек көші-қоны және еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау
саласындағы ынтымақтастық туралы
Келісім
(Москва қ.,1994 жыл 15 сәуір)

 

 Осы редакция 2005 жылғы 25 қарашададағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, осы Келісімге қатысушы-мемлекеттердің Үкіметтері,

Экономикалық одақ құру туралы Шарттың ережелерін негізге ала отырып,

БҰҰ-ның адам құқығы саласындағы негіз қалаушы құжаттары мен Халықаралық Еңбек Ұйымы шеңберінде дайындалған принциптерге ұстанымына орай;

Тараптар мемлекеттері арасындағы еңбек көші-қонының маңызы мен ауқымын түсіне отырып,

Осы Келісімге қатысушы-мемлекеттер арасында еңбек көші-қоны мен Тараптар мемлекеттері аумағында еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға ұмтыла отырып,

төмендегі туралы келісті:

 

1-бап

 

Осы Келісім бір Тарап мемлекеті аумағында тұрақты тұратын және басқа Тарап мемлекетінің аумағындағы кәсіпорындарда, мекемелерде және барлық меншік нысанындағы ұйымдарда (бұдан әрі - жұмыс берушілер немесе жалдаушылар деп аталады) еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар (бұдан әрі - қызметкерлер деп аталады) мен олардың отбасы мүшелерінің еңбек қызметі мен оларды әлеуметтік қорғау саласындағы Тараптар ынтымақтастығының негізгі бағыттарын жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасына сәйкес реттейді.

Осы Келісім:

босқындарға және мәжбүрлі қоныс аударушыларға;

қысқа мерзімге келген еркін кәсіп иелері мен әртістерге;

білім алу мақсатымен арнайы келген адамдарға қолданылмайды.

 

2-бап

 

Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдардың мынадай мағыналары бар:

«еңбекші-мигрант (немесе қызметкер)» - шығу Тарапының аумағында тұрақты тұратын, жұмысқа орналастыру Тарапында ақылы қызметпен заңды негізде айналысатын адам;

«отбасы мүшелері» - еңбекші-мигрантпен некеде тұратын адам, сондай-ақ асырауындағы балалары мен жұмысқа орналастыру Тарабының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес отбасы мүшелері деп танылатын басқа да адамдар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.