«Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының қорғау аймағын орнату туралы» облыс әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қарашадағы № 257 қаулысы

«Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының қорғау аймағын орнату туралы» облыс әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қарашадағы № 257 қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27 бабы 2 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңы 28 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Солтүстік Қазақстан облысы аумағында» «Көкшетау» «Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының қорғау аймағын орнату туралы» облыс әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 32 қаулысына (мемлекеттік тіркеу тізілімінің Солтүстік Қазақстан өңірлік бөлімінде 2007 жылы 28 ақпанда № 1641 болып тіркелген, 2007 жыл 28 ақпан» «Солтүстік Қазақстан», 2007 жыл 28 ақпан» «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«Солтүстік Қазақстан облысы аумағында» «Көкшетау» «Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағында қорғау аймағы мен табиғатты пайдалану режимін орнату туралы»;

1-тармақтың үшінші азатжолындағы «мен тәртібі» сөздері алынып тасталсын;

2-тармақтағы «облыс әкімінің бірінші орынбасары С.І. Сүлейменовке» сөздері «облыс әкімінің орынбасары С.С.Ескендіровке» сөздерімен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулыға қосымшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.С.Ескендіровке жүктелсін.

3. Осы қаулы оны бірінші рет ресми жарияланғаннан кейінгі күннен он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі

 

Облыс әкімдігінің 2007 жылғы

12 қарашадағы № 257 қаулысына

қосымша

 

Облыс әкімдігінің 2007 жылғы

15 ақпандағы № 32 қаулысына

қосымша

 

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті» «Көкшетау» «Мемлекеттік

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.