Салық органы тексерілетін салық кезеңіндегі камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған құқық бұзушылықтарды жою туралы салық тексеру кезеңінде хабарлама жібереді. Осындай хабарлама орындалуға тиіс пе?
Салық кодексі 537-бабының 6-тармағына сәйкес салық тексерулерін жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне салық төлеушінің өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.