Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 бұйрығы
(2024.16.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2024.01.07. № 408 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2024.01.07. № 408 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н.Айтжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.