«Аккредиттеу жөніндегі органды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1338 Қаулысы (күші жойылды)

Аккредиттеу жөніндегі органды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1338 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008.27.08. № 773 Қаулысымен күші жойылды

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Ұлттық аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі орган болып белгіленсін.

2. Ұлттық аккредиттеу орталығы қызметінің мәні:

1) аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысу;

2) үш жыл мерзімге аккредиттеу аттестаттарын беру;

3) алты айға дейінгі мерзімге аккредиттеу аттестаттарының қолданысын тоқтата тұру;

4) инспекциялық тексерулерді жүзеге асыру болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.