Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 ақпандағы № 189 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1342 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009.11.12. № 2091 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі сарапшылық кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 ақпандағы № 189 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 8, 51-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі сарапшылық кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін: