«Берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті
төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы № 215 Бұйрығы
Осы редакция 2007 жылғы 21 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 350-бабының 8-тармағын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Посткедендік бақылау басқармасы (Д.Т. Мамашева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (С.С. Молдабаев) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. «Берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы № 185 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2278 болып тіркелген, 2003 жылғы 28 маусымдағы № 26 «Ресми газетте» жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ә.Е. Мамбеталинге жүктелсін.
6. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.