Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығы
(2023.24.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 187 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2015.27.07. № 488 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2022.23.09. № 78 бұйрығымен (2022 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.08.06. № 263 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 13) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 87) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2015.27.07. № 488 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. «Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 қарашадағы № 946 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 15 желтоқсанда № 3282 тіркелген, 2005 жылғы 21 қазанда № 195-196 (929-930) «Заң газетінде» жарияланған,) күші жойылды деп танылсын.