Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 Нормативтік қаулысы
ҚР Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) атауындағы «Пленумның қаулысы» деген сөздер «нормативтік қаулысы» сөздерімен ауыстырылсын;
11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: