2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
(Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
403-қосымша сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2007 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
403-ҚОСЫМША
637 - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің
Қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 183178 мың теңге (бір жүз сексен үш миллион бір жүз жетпіс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету туралы» 1996 жылғы 28 наурыздағы № 2920 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республиканың бүкіл аумағында Конституцияның жоғары тұруын және тікелей қолданылуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау; кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай, қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) Республиканың бүкіл аумағында Конституцияның жоғары заңдық күшін, оның тікелей қолданылуын қолдау үшін және беделін нығайту үшін қажетті жағдай жасау;
2) 5 адамның кәсіби деңгейін арттыру;
3) 37 адамға мемлекеттік тілді үйрету; 4) 10 адамға ағылшын тілін үйрету.
Түпкі нәтиже: Негізгі Заңның нормаларын барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдар мен азаматтардың бірізді түсініп, қолдануын қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісінің біліктілігін арттыруға кететін орташа шығыс - 50,0 мың теңге;
2) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісіне мемлекеттік тілді үйретуге кететін орташа шығыс - 40,2 мың теңге; 3) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісіне ағылшын тілін үйретуге кететін орташа шығыс - 24,6 мың теңге.
Уақтылығы:
1) жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау;
2) жасалынатын шарттарға сәйкес жыл бойы оқыту.
Сапасы:
1) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытынды шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеуі;
2) мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткен соң мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 30%;
3) ағылшын тілін оқыту курстарынан өткен соң ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 30%.