Туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 319 бұйрығымен Бекітілген) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2007 жылғы 27 қарашадағы

№ 319 бұйрығына

4-қосымша

 

ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 91 Бұйрығымен күші жойылды

 

Туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға
лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік
қызмет көрсету стандарты
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу - лицензиялық шарттардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу және мемлекеттік тіркеу куәлігін беру.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: жартылай автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді.

Қызмет Министрліктер үйі, 10 қабат, № 1015, 9 қабат № 946 кабинеттерде көрсетіледі

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны мемлекеттік тіркеу куәлігін беру мен авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы лицензиялық шарттардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізу болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

7. Лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеуді немесе оларды тіркеуден бас тартуды Комитет өтініш иесінен өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма күн мерзімде жүргізеді.

Комитет өтініште көрсетілген растайтын деректері бар қосымша құжаттарды талап еткен жағдайда, тіркеу мерзімі оларды алғанға дейін тоқтатылады.

Жеке және заң тұлғалары құжаттарды алуы пошта арқылы немесе кеңсе арқылы қолына беру көзделген.

8. Қызмет ақылы, мемлекеттік тіркегені үшін алым төленетін күні қолданыста жүрген алым бойынша екі айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.