2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысына 265- 289 қосымшалар) (үзінді) (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқушыларды оқуға қабылдау - 500 адам, стипендиаттардың орташа жылдық контингентіне мемлекеттік стипендиялар төлеу - 894, стипендиямен қамтамасыз ету - білім алушылардың 73 пайызы.

Түпкілікті нәтиже: денсаулық сақтау ұйымдарын орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 1 білім алушыны даярлауға жұмсалатын орташа шығын мөлшері - жылына 183,7 мың теңге. Бір оқушының айлық стипендиясының мөлшері: 1 қаңтардан бастап - 5147 теңге, 1 қыркүйектен бастап - 6000 теңге. Қысқы және жазғы каникулдар кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға жол жүруге 2 АЕК мөлшерін ақшалай өтемақы төлеу.

Уақтылылығы: денсаулық сақтау саласының орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандарының күтілетін бітірушілер саны кемінде 324 адам.

Сапасы: медицина колледжін үздік бітірген, орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімді бітірушілердің күтілетін үлесі бітірушілердің жалпы санының 16 пайызы.

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 288-қосымша алынып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен  288-1-қосымшамен толықтырылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

288-1-ҚОСЫМША

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған

 

«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-тың жарғылық капиталын құру»

деген 062 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

1. Құны: 270620 мың теңге (екі жүз жетпіс миллион алты жүз жиырма мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік қүқықтык негізі:»Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ұлттық медициналық холдинг құру.

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Республикалық  шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығы», «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ және «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» акционерлік қоғамдарының жарғылық капиталдарын құру және «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жарғылық капиталын толықтыру.

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: «Республикалық шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығы» АҚ, «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ және «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ құрылған жарғылық капиталдары және «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жарғылық капиталын толықтыру.

Соңғы нәтиже: «Ұлттық медициналық холдинг», «Республикалық шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығы», «Республикалық диагностикалық орталық және «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» акционерлік қоғамдарын құру.

Қаржы-экономикалық нәтиже: «Ұлттық медициналық холдинг», «Республикалық шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығы», «Республикалық диагностикалық орталық және «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» акционерлік қоғамдарының жарлықшы капиталдары мөлшері - 270620мың теңге.

 

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 288-2-қосымшамен толықтырылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

288-2-ҚОСЫМША

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған

 

«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының

бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік

тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен

кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға стипендия

төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»

деген 063 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 32439 мың теңге (отыз екі миллион төрт жүз отыз тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:»Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 47-бабы; «Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқыту кезеңінде білім алушыларды әлеуметтік қолдау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: стипендияны нормативке дейін жеткізу жолымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қаржылай қолдау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: *

Тікелей нәтиже: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде білім алушылардың стипендияларының мөлшерін 5147 теңгеден 6000 теңгеге дейін жеткізу.

Облыстар бойынша стипендиаттардың орташа жылдық контингенті 7783, соның ішінде: Ақмола облысы - 286, Ақтөбе облысы - 432, Алматы облысы - 244, Атырау облысы - 345, Шығыс Қазақстан облысы - 640, Жамбыл облысы - 738, Батыс Қазақстан облысы - 521, Қарағанды облысы - 560, Қостанай облысы - 306, Қызылорда облысы - 448, Маңғыстау облысы - 233, Павлодар облысы - 371, Солтүстік Қазақстан облысы - 199, Оңтүстік Қазақстан облысы - 1272, сондай-ақ Алматы қаласы - 435 және Астана қаласы - 753.

Соңғы нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімінің сапалы көрсеткішін арттыру.

Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 оқушының стипендиясын төлеудің ай сайынғы айырмашылығы орташа есеппен 853 теңгені құрайтын болады.

Уақтылығы: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендиялары мөлшерінің айырмашылығын уақтылы төлеуді қамтамасыз ету.

Сапасы: білім алушылардың жалпы контингенті ішінен стипендиямен қамтамасыз етілуі орта есеппен 81 пайыз.

 

Ескертпе:

*) Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелер сипатталатын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.

 

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 288-3-қосымшамен толықтырылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

288-3-ҚОСЫМША

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған

 

«Денсаулық сақтау саласындағы өзекті зерттеулер»

деген 064 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 80000 мың теңге (сексен миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22, 26-баптары; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 47-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі № 998-35қ қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: өзекті зерттеу негізінде денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестікке қабілеттілікті және оларды тиімді дамытуды арттырудың жолдары мен тетіктерін анықтау.

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: есептер қалыптастырылатын болады, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін ұзақ мерзімді дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын және денсаулық сақтауды қорғау саласындағы сектораралық өзара іс-қимылдардың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу.

Соңғы нәтиже: Денсаулық сақтау ұйымдары мен Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру. Денсаулық сақтау жүйесін тиімді дамытуды қамтамасыз ету үшін ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу.

Қаржы-экономикалық нәтиже: денсаулық сақтауды қорғау саласындағы сектораралық өзара іс-қимылдардың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу мақсатындағы денсаулық сақтау саласындағы өзекті зерттеулер - 37000 мың теңге, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін ұзақ мерзімді дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу мақсатында денсаулық сақтау саласындағы өзекті зерттеулер - 43000 мың теңге.

Уақтылығы: жасалған шарттар сәйкес.

Сапасы: Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес зерттеулердің сапасы деңгейін қамтамасыз ету. Денсаулық сақтау саласындағы жекелеген барынша өзекті мәселелерді қамту, өзекті зерттеулер мен оларды шешуге ықпал ететін ұсынымдар.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

289-ҚОСЫМША

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»

деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 18382 мың теңге (он сегіз миллион үш жүз сексен екі мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы медициналық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының ақпараттық-танымдық веб-порталын сынау, тәжірибелік пайдалануға енгізу, контентін өзекті ету және дамыту.

ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының ақпараттық-танымдық веб-порталының қызметін жақсарту.