Өнеркәсіптік меншік объектілеріне лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 319 бұйрығымен Бекітілген) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2007 жылғы 27 қарашадағы

№ 319 бұйрығына

5-қосымша

 

ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 91 Бұйрығымен күші жойылды

 

 

Өнеркәсіптік меншік объектілеріне лицензиялық,
сублицензиялық шарттарды тіркеу бойынша мемлекеттік
қызмет көрсету стандарты

 

1. Жалпы ереже

 

1. Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу - лицензиялық, сублицензиялық шарттар бойынша өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану құқығын беру фактілерін мемлекеттің тануы мен растау және тіркелген лицензиялық шарттарды, сублицензиялық шарттарды тізілімге енгізу рәсімі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 79299-326896-90910011031-баптарына, «Патент заңы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-4 тармақтарына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 2, 3 тармақтарына, Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18, 19, 20-баптарына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеу тізілімінде № 4647 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 57-н.қ. бұйрығына сәйкес көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.