«Әлеуметтік жеке код беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты» (Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 289-ө бұйрығымен бекітілді)

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2007 жылғы 30 қарашадағы

№ 289-ө бұйрығына

1-қосымша

 

 

Әлеуметтік жеке код беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің осы стандарты (бұдан әрі - Стандарт) әлеуметтік жеке кодты беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі № 1342 қаулысымен бекітілген уәкілетті ұйымның әлеуметтік жеке кодты беру тәртібі негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет азаматтарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызметті:

1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - ЗТМО құрылымдық бөлімшесі) тұтынушының тұратын жері бойынша ЗТМО құрылымдық бөлімшесінің ғимаратында;

2) Астана қ. Манас көшесі 2 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны әлеуметтік жеке код беру туралы куәлігін беру болып табылады (бұдан әрі - ӘЖК).

7. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет тұтынушы тіркеу кәртішкесін толтырған және тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.