«Оралман мәртебесін беру және тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты» (Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 289-ө бұйрығымен бекітілді)

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2007 жылғы 30 қарашадағы

№ 289-ө бұйрығына

2-қосымша

 

 

Оралман мәртебесін беру және тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің осы стандарты (бұдан әрі - Стандарт) оралман мәртебесін беру және тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы мен «Оралман мәртебесін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 224-ө (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылғы 10 қазанда № 4964 тіркелген) бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық орган) тұтынушының тұратын жері бойынша аумақтық органының ғимаратында көрсетеді.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны оралман куәлігін беру болып табылады.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап, аумақтық органда тіркелген күнінен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылады;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең жоғары шекті уақыты бір адамға қызмет көрсетуге 15-30 минуттан есептелгенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады.

8. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.