«Көші-қон квотасы бойынша келген оралмандарға тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлікті (оның ішінде малды) жеткізу шығыстарын өтеу, келген жерінде тұрғын үй сатып алуға қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты» (Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 289-ө бұйрығымен бекітілді)

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2007 жылғы 30 қарашадағы

№ 289-ө бұйрығына

3-қосымша

 

 

Көші-қон квотасы бойынша келген оралмандарға тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлікті (оның ішінде малды) жеткізу шығыстарын өтеу, келген жерінде тұрғын үй сатып алуға қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің осы стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген және оралмандардың көші-қон квотасына енген оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлікті (оның ішінде малды) жеткізу шығыстарын өтеу, келген жерінде тұрғын үй сатып алуға және біржолғы жәрдемақы төлеміне қаражат бөлу жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін белгілейді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 29-4-бабы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысымен бекітілген Көші-қон квотасы бойынша келген оралмандарға тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлікті (оның ішінде малды) жеткізу шығыстарын өтеу, келген жерінде тұрғын үй сатып алуға қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақы төлеу ережесімен реттеледі.

4. Мемлекеттік қызмет оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне (бұдан әрі - тұтынушыларға) беріледі.

5. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық орган) тұтынушының тұратын жері бойынша аумақтық органының ғимаратында көрсетеді

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны қосымша жеңілдіктер тағайындау (тағайындаудан бас тарту) болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.