2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысына 33-қосымша) (үзінді) (2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
(үзінді)

(2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналардың:

33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

33-ҚОСЫМША

 

 

202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Төтенше жағдайлардың алдын алу, жою және мемлекеттік

материалдық резерв жүйесін басқару саласындағы уәкілетті

органның қызметін қамтамасыз ету»

деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны 5154475 мың теңге (бес миллиард бір жүз елу төрт миллион төрт жүз жетпіс бес мың теңге)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңы; «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Авариялық құтқару қызметтері және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңы; «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1383 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: төтенше жағдайлардың алдын алу, жою және мемлекеттік материалдық резервті құру мен дамытуды қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы

мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқару.

ҚР Үкіметінің 2008.14.10. № 581в қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.14.10. № 581в қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

а) Өрт қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік базаны (мемлекеттік стандарттар, ережелер мен ұсынымдарды) жетілдіру;

б) 676 адамның, оның ішінде: аумақтық органдардан 676 адамның кәсіби деңгейін көтеру;

в) 1288 адамға, оның ішінде: аумақтық органдардан 1218 адамға мемлекеттік тілді оқытып-үйрету.

Түпкілікті нәтиже:

Төтенше жағдайларды төмендету және азайту, төтенше жағдайлардың алдын алудың қолданыстағы буындарын нығайту.

Қаржылық-экономикалық нәтиже:

1) республикалық бюджеттің қаражатын тиімді пайдалану;

2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеуге - 50000,0 мың теңге, өрт қауіпсіздігі саласында - 11225,0 мың теңге;

3) бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 14,9 мың теңге;

4) бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытып-үйретуге кететін орташа шығын - 15,8 мың теңге.

Сапасы:

а) төтенше жағдайлардың алдын алуға, оларды жоюға белгіленген регламент шеңберінде дер кезінде ден қою;

б) адам факторларына байланысты төтенше жағдайлар санының, қаза болғандар мен зардап шеккендердің, сондай-ақ өрттердің, өндірістік объектілердегі және жеке меншік секторларындағы апаттардың нәтижесіндегі материалдық залалдың өсуін азайту;

в) қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес, кәсіби мемлекеттік қызметтік талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқып-үйрену курсын бітіргеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудегі үлесі - 44,3 %; біліктілігін арттыру курсын өткеннен кейін жоғары лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 6,2 %.

Уақтылығы: іс-шараларды жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

34-ҚОСЫМША

 

202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды

жоюды ұйымдастыру»

деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

1. Құны: 17810404 мың теңге (он жеті миллиард сегіз жүз он миллион төрт жүз төрт мың теңге)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңы; «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «28237, 52859, 68303 әскери бөлімдерін Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабына бағындыру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі № 264 қаулысы; «Төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының жедел медициналық көмек көрсету орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27 қыркүйектегі № 1068 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 наурыздағы № 400 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Республикалық дағдарыс орталығы мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 40 қаулысы; «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюды мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1383 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы; «2006-2007 жылдарға арналған ақысыз медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемінің тізбесін бекіту туралы» 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1296 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының халқын, шаруашылық объектілері мен аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі және олар туындаған кезде қорғауды қамтамасыз ету және халыққа жедел көмек көрсету; авариялық-құтқару күштерінің ұдайы дайындықты және төтенше жағдайларға уақтылы ден қоюды тұрақты және үздіксіз басқаруды қамтамасыз ету; жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмекті қамтамасыз ету арқылы ауру адамдардың денсаулығын жақсарту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Дүлей зілзала, авариялар мен апаттар нәтижесінде зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету;

Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларда іс-қимылдарға жоғары әзірлікті қамтамасыз ету, апат аудандарына және берілген жауынгерлік міндеттер орындалатын аудандарда авариялық-құтқару қызметтерінің жедел ден қою, уақтылы баруы;

жетуі қиын аудандарда, қиындығы жоғары объектілерде құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

Ақпараттарды уақтылы және тұрақты түрде қабылдау және жедел өңдеу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы мемлекеттік басқару органдарымен үздіксіз және тиімді байланысты қамтамасыз ету;

Қадағалау және хабардар ету қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; мониторинг және сел қауіпі бар объектілер мен сел ағындарын бақылау;

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде уақтылы ден қою үшін арнайы техникалық құралдардың әзірлігін қамтамасыз ету;

Төтенше жағдайларды жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге құтқарушылардың әзірлік деңгейін арттыру;

Өрт қауіпсіздігі, өрттің алдын алу мен оларды жою саласындағы, шаруашылық ету объектілері мен тұрғын үйлердің өртке қарсы қорғанысын арттыру бойынша жұмыстарды жетілдіру;

Төтенше жағдайлардың салдарларын жою бойынша іздестіру-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жедел жүргізу.

Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету.

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 (бұр.ред.қара); 2008.19.07. № 712 (бұр. ред. қара); 2008.14.10. № 581в қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: