«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты» (Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 289-ө бұйрығымен бекітілді)

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2007 жылғы 30 қарашадағы

№ 289-ө бұйрығына

6-қосымша

 

 

Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің осы стандарты (бұдан әрі - Стандарт) мүгедектік, асыраушысынан айрылу жағдайы және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін белгілейді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысымен бекітілген Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру ережесімен (бұдан әрі - Ережелер) реттеледі.

4. Мемлекеттік қызмет әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушыларға) көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызметті:

1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - ЗТМО құрылымдық бөлімшесі) тұтынушының тұратын жері бойынша ЗТМО құрылымдық бөлімшесінің ғимаратында;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.