2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысына 340-қосымша) (үзінді) (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қоршаған ортаны қорғау саласында өткізілген 89 тақырып, оның ішінде 47 жалғастырушы, 42 жаңа тақырып бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері жөнінде есептер мен ұсынымдар;

Қоршаған ортаға шығарындылар мен төгінділерді және өндіріс қалдықтарының жинақталуын тұрақты деңгейде сақтау жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру; республиканың әртүрлі өңірлеріндегі және шекара маңындағы қазіргі заманғы экологиялық жағдайды бағалау, ірі экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған шараларды қолдану үшін ұсынымдар мен әдістемелерді әзірлеу; орнықты даму индикаторларының ғылыми-негізделген жүйесін әзірлеу;

Балқаш-Алакөл бассейнінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған су-экологиялық проблемаларын шешу.

Ғылыми-зерттеулік базаны дамыту үшін экология мен климаттың ғылыми-зерттеу институтына жабдықтар сатып алынатын болады.

Түпкі нәтиже: қоршаған орта сапасын тұрақтандыру, ел дамуының орнықтылығын арттыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін жағдайлар жасау, елдің экологиялық жағдайдың әрі қарай нашарлауының және халық денсаулығына нақты және әлеуетті қауіптері алынатын болады; халықтың климат пен озон қабатының өзгеруінің, биоалуантүрліліктің қысқаруының, топырақ жамылғысының, судың, ауаның ластануының проблемалық мәселелерін қоса жаһандық, ұлттық және өңірлік экологиялық проблемалар туралы, сондай-ақ оларды шешудің жолдары мен бағыттары туралы ақпараттандырулығының артуы, бұл экологиялық қолайсыз өңірлердегі әлеуметтік көрнеулікті төмендетуге ықпал ететін болады.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір тақырып бойынша ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 3 647 мың теңгені құрайды.

Уақытылығы: жасалған шарттарға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың бекітілген жоспарына сәйкес бір жыл ішінде.

Сапасы: қоршаған ортаның сапасын оның тозу қарқынын азайту және анағұрлым қауіпті процестер мен үрдістерді тұрақтандыру жолымен сақтау.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№1224 қаулысына

342-ҚОСЫМША

 

 

234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Қоршаған ортаны қорғау объектілерін салу және реконструкциялау»

деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

1. Құны: 1360243 мың теңге (бір миллиард үш жүз алпыс миллион екі жүз қырық үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі; Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, табиғи ресурстардың қалпына келтіру, сақтау және ұтымды пайдалану, табиғи ортаға ұлғаймалы антропогендік әсер етуді азайту, қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін дамыту, қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқаруды дамытудың институционалдық негіздерін құру, елдің экономикалық әлеуетін ұтымды аумақтық ұйымдастыру, табиғи, экономикалық және еңбек ресурстарын, географиялық жағдайды тиімді пайдалану үшін жағдай жасау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: табиғи ресурстардың сарқылуы мен ластануының алдын алу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ұлттық метеорологиялық орталығы құрылысының жұмыстар көлемін орындау, Жамбыл облысы Тараз қаласында ағынды суларды толық биологиялық тазалау кешені құрылысын басталуы.

Соңғы нәтиже: экологиялық ахуалды жақсарту үшін қоршаған ортаны қорғау объектілерін іске қосу.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: негізгі қаржы қорын ұлғайту.

Уақыттылығы: жұмыстың орындалу жоспар-кестесіне және келісім-шартқа сәйкес.

Сапа: құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес.

 

Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

343-ҚОСЫМША

 

 

234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Қоршаған ортаны қорғау объектілерін оңалту»

деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 1174880 мың теңге (бір миллиард бір жүз жетпіс төрт миллион сегіз жүз сексен мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі; Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі; Қазақстан Республикасы мен Жаһандық экологиялық қордың Атқарушы агенттігі ретінде әрекет ететін Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Сенімгерлік қордың Гранттық келісімін (Қуаң жерлерді басқару жөніндегі жоба) ратификациялау туралы 2004 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы» 2003 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 1241 Жарлығы; Қазақстан Республикасы мен Жаһандық экологиялық қордың Атқарушы агенттігі ретінде әрекет ететін Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Сенімгерлік қордың Гранттық келісімін (Қуаң жерлерді басқару жөніндегі жоба) бекіту туралы 2003 жылғы 11 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 920 қаулысы; «Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 49 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағында жерлердің шөлейттенуі және азып-тозуы процесін тоқтата тұру және алдын алу, сондай-ақ табиғи ресурстарды сақтау, қалпына келтіру және тұрақты пайдалану.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қуаңшылық жағдайларында жерді пайдаланудың тұрақты жүйелерін енгізу; топырақтың азып-тозуымен күресу; «көмірсутегі квоталарымен» халықаралық саудасына Қазақстан Республикасының қатысу мүмкіндігін айқындау үшін көміртегінің жұту деңгейін бағалау; биологиялық алуантүрлілікті кеңейту; табиғи ресурстардың сарқылуының және ластануының алдын алу.

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 12000 га тыңайған жерлерді қайта қалпына келтіру, 2300 га фитомелиорантарды жолақты егістікті жүргізу, 3,0 га көлемге бұта-көшеттерді өндіру үшін питомниктер салу, 3 га көлемге бұта көшеттерін отырғызу жөнінде жұмыстар жүргізу, сүт өнімдерін тапсыру көлемін арттыру және 15 млн. теңге мөлшерінде халыққа қосымша кіріс, мал шаруашылық және өсімдік шаруашылығының өнімін арттыру халықты қамтамасыз етудің 150 бірлік артуына әкеледі; мал асырау үшін 60 тонна жем дақылдарын тазалау, 5 фермер шаруашылығын күн батареясымен және биогаз қондырғысымен қамтамасыз ету, істемейтін 5 құдықты қалпына келтіру Жобаны бұдан әрі жылдары іске асыру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу (топырақ дайындау, тұқымдар және жабдықтар сатып алу).

«Дарьял-У» әскери базасында құрамында полихлордефинил бар (берік органикалық заттар) 15 мың конденсаторларды кәдеге жарату.

Түпкі нәтиже: жерді қайта қалпына келтіру және оның тозуының алдын алу жөніндегі үлгілі жобаны іске асыру, жердің қуаңданумен және тозуымен күрес мәселелері жөнінде шешімдерді қабылдау үдерісіне халықтық барлық жіктерін қатысуын қамтамасыз ету. Қоршаған ортаға полихлордефинилдың өтіп кетуінің алдын алу.

Қаржылық-экономикалық нәтижелер: жобалар қайтарымсыз негізде республикалық бюджет қаржысы есебінен қаржыландыру қажеттігімен коммерциялық емес, шығынды болып табылады.

Уақыттылығы: жер танаптарын жобаны іске асыру жоспарына сәйкес өңдеу. Жұмыс кестесіне сәйкес жобалық-сметалық құжаттамаға келісті әскери базада конденсаторларды кәдеге жарату.

Сапасы: өсімдіктің табиғи түрде қалпына келуіне (сырттай араласусыз) кемінде 50 жыл қажет, ал жоба бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар осы кезеңді 20 жылға дейін қысқартуға мүмкіндік береді; жемшөп жерлерін жасаудың жоғары өнімділігі жердің табиғи түрде қалпына келу процесіне қарағанда көміртегін сіңірудің 3-4 есе көбеюін қамтамасыз етеді. Балқашқа полихлордифенилдің жайылу қауіпі жойылады.

 

Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

344-ҚОСЫМША

 

 

 

234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Гидрометеорологиялық мониторинг жүргізу»

деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1946921 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз қырық алты миллион тоғыз жүз жиырма бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 137-, 138-, 141-, 146, 149-151-баптары; 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 59-бабы; «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 16-1-бабы; «Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым Конвенциясына қосылу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 сәуірдегі № 296 қаулысы; «Табиғи ортаның жай-күйін бақылайтын станциялардың мәртебесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 қаңтардағы № 38 қаулысы; «Қазгидромет» және «Қазавиамет» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысының 2-3-тармақтары, 4-тармақтың 1-тармақшасы, 5-6-тармақтары; «Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1378 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік су кадастрын жүргізудің ережесінің 59-бабындағы 1-4-тармақтары.