«Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облысы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешімі (2008.05.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешімі

(2008.05.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«2008 жылға арналған республикалык бюджеті туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 8-ІV Заңын орындау үшін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

Қостанай облысы мәслихатының 2008.11.01. № 3587 (бұр.ред.қара); 2008.11.04. № 86 (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; Қостанай облысы мәслихатының 2008.11.07. № 107 шешімімен (бұр.ред.қара); Қостанай облысы мәслихатының 2008.05.11. № 129 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті 1- қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 59031096,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 2542765,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 302653,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 29648,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері - 56156030,8 мың теңге;

2) шығындар - 58959980,1 мың теңге;

3) операциялық сальдо - 71116,7 мың теңге;

4) таза бюджеттік кредиттеу - 789000,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 836000,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 47000,0 мың теңге;

5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 76797,0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 83450,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 6653,0

мың теңге;

6) бюджет тапшылығы (профицит) - -794680,3 мың теңге;

7) тапшылықты қаржыландыру (бюджет профицитін пайдалану) - 794680,3 мың теңге.

Қостанай облысы мәслихатының 2008.11.07. № 107 шешімімен шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Аудандар және қалалар бюджеттеріне облыстық бюджетке аударылатын кірістерден басқа 100 пайыз көлеміндегі кірістер аударылатыны белгіленсін:

қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем төлеу;

облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік автокөлік жолдарымен жүрген үшін жиындар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.