(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті бюджеттер
есебінен ұсталатын ұйымдарында активтерді, материалдық запастарды,
ақшаларды, есеп айырысуларды және басқа да баланс баптарын түгендемені
жүргізудің тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті 1998 ж. 23
шілдедегі № 335 бұйрығы

 

Осы редакция 2007 жылғы 28 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын ұйымдарында активтерді, материалдық запастарды, ақшаларды, есеп айырысуларды және басқа да баланс баптарын түгендемені жүргізудің тәртібі туралы ұсынылып отырған Нұсқаулық бекітілсін.

 

Директор

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті бюджеттері есебінен ұсталатын ұйымдарда түгендеме жүргізудің тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.

2. Бюджеттік ұйымдар "Бухгалтерлік есеп туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 Жарлығына сәйкес активтерді, материалдық запастарды, ақшаларды, есеп айырысулар мен басқа да баланс баптарының түгендемесін жүргізуге міндетті.

3. Түгендеменің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

іс жүзінде қолдағы барын бухгалтерлік есептің деректерімен салыстыру арқылы іс жүзінде қолда бар активтерді, материалдық запастарды, ақшаларды, қатаң есептегі іспарақтарын анықтау, сондай-ақ олардың сақталуына бақылау жасау;

пайдаланылмаған материалдық құндылықтарды анықтау;

материалдық құндылықтар мен ақшаларды сақтаудың қағидалары мен ережелерін орындау;

бюджеттік ұйымдардың кассаларындағы материалдық құндылықтардың, ақшалардың; бюджеттік, бюджеттік емес, валюталық шоттардағы және сыртқы заемдар мен бірлесіп қаржыландыру жөніндегі арнаулы шоттардағы қаражаттардың; дебиторлық және кредиторлық борыштар мен басқа да баланс баптарының - есебінің дұрыстығын тексеру.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.