Парниктік газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 348-ө бұйрығы
(2015.04.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 176 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабындағы 30-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 348-ө бұйрығымен бекітілген
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012.25.05. № 170-Ө бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу
ережесін бекіту туралы
1. Жалпы ережелер
1. Парниктік газдар шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген және парниктік газдар шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу тәртібін анықтайды.
2. Парниктік газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеудің негізгі мақсаттары болып мыналар табылады:
парниктік газдар шығарындыларының және озонды бұзатын заттардың атмосфералық ауаға әсер ету дәрежесін бағалау және парниктік газдардың атмосфераға шығарындыларының кәсіпорын бойынша тұтастай да, жеке көздер бойынша да жол берілетін шекті нормативтерін белгілеу үшін бастапқы деректерді алу;
парниктік газдар шығарындыларының және озонды бұзатын заттардың сандық және сапалы сипаттамаларын анықтау;
мемлекеттік есепке алу;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.