«Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 424 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 421 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 Бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің бюллетенінде жарияланған 2005 ж. тамыз, № 17, 135-құжат, 2005 ж. қыркүйек, № 18, 144-құжат, № 3869 болып тіркелген, «Юридическая газетінде» 2005 жылғы 4 қарашада № 204-205 (938-939) жарияланған Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 341 бұйрығымен өзгерістер енгізілген, «Юридическая газетінде» 2007 жылғы 18 мамырда № 74 (1103) жарияланған, № 4631 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 108 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 424 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3293 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесінде:
12-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі және жұмсалуы туралы есеп - № 4-дк-жиынтық нысан (осы Ережеге 28-қосымша);»;
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
«17-1. Жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер есептіден кейінгі айдың 3-күні жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне № 11 нысан бойынша есепті ұсынады.