7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Премьер-Министрдің Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметіне басшылық жасау жөніндегі қызметін қамтамасыз ету.
Кәсіптік деңгейін арттыру - 10 адам;
Мемлекеттік тілді оқыту - 48 адам;
Ағылшын тілін оқыту - 24 адам.
Түпкі нәтижесі:
Мемлекеттік атқарушы органдардың жүргізілетін мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған тиімді қызметі.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын оңтайландыру және оның тиімділігі;
Бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған орташа шығындар - 60,0 мың теңге;
Бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытуға арналған орташа шығындар - 36,0 мың теңге;
Бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілін оқытуға арналған орташа шығындар - 21,0 мың теңге.
Уақтылығы:
Бір жыл ішінде жоспарланған іс-шаралар мен қойылған міндеттерді уақтылы орындау.
Сапасы:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін белгіленген мерзімді ескере отырып, іс-шараларды сапалы орындау;
Қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру;
біліктілігін арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалуы мүмкін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 20%;
мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткеннен кейін мемлекеттік тілді іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 30%;
ағылшын тілін оқыту курстарынан өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 30%.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
9-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 91600 мың теңге (тоқсан бір миллион алты жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 390-16 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы« мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 435 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік органдар мен мекемелерде ақпаратты техникалық қорғау және білікті кадрларды даярлау арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік органдарды ақпаратты техникалық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету арқылы ақпараттың жария болу техникалық арналарының санын барынша азайту;
мемлекеттік органдар мен мекемелерде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы даярланған білікті мамандардың санын ұлғайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Мемлекеттік органдарды ақпаратты техникалық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету арқылы ақпараттың жария болу техникалық арналарының санын барынша азайту;
Мемлекеттік органдар мен мекемелерде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы даярланған білікті мамандардың санын ұлғайту.
Түпкі нәтиже: Мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын оңтайландыру және оның тиімділігі.
Уақтылығы: Мемлекеттік органдарда ақпараттың жария болу техникалық арналарын уақтылы анықтау және оларды жою, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандардың кәсіби деңгейін арттыру.
Сапасы: Мемлекеттік органдарда ақпараттың жария болуын ескерту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
10-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік мекемелерді фельдъегерлік байланыспен қамтамасыз ету»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 414154 мың теңге (төрт жүз он төрт миллион бір жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы; «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1042 қбү қаулысы;
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік құпиялардың қорғалуын сақтай отырып, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелерді үкіметтік курьерлік байланыспен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: арнайы жөнелтімдерді жедел жеткізуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Арнайы жөнелтімдерді жедел жеткізуді қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: Құпиялылық режимін сақтай отырып, хат-хабарлар мен жүктерді уақытылы және толық жеткізу.
Қаржы экономикалық нәтиже: Республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын оңтайландыру және оның тиімділігі.
Уақытылығы: Хат-хабарлар мен жүктерді уақытылы жеткізу.
Сапасы: Құпиялылық режимін сақтай отырып, хат-хабарлар мен жүктерді толық көлемде жеткізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
11-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
«019 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық»
АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1650000 мың теңге (бір миллиард алты жүз елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қыркүйектегі № 762 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін, өнімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қаржылық тұрақтылық, мемлекеттік органдардың реттеуші қызметінің тиімділігі мәселелерін зерделеу жөнінде институтының қызметін қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанынан ұлттық талдамалық орталық» АҚ-ның қызметін қамтамасыз ету.
Түпкі нәтижесі: Мемлекеттік органдардың ақпараттық-талдау функцияларын институционалдық нығайту.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: 1650000 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту.
Уақтылығы: Жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде, оның ішінде қаржыландыру жоспарына сәйкес орындау.
Сапасы: Институттың тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету.
12-ҚОСЫМША ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)