Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі № НК-УМ-2-17/9557 хаты (Үзінді)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің
2007 жылғы 2 қыркүйектегі № НК-УМ-2-17/9557 хаты
(Үзінді)

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті хатты қарап, мынаны хабарлайды. 2002 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін Салық кодексі 226-бабының 2-тармағы жер учаскесін иелену және пайдалану және (немесе) жер учаскесін жалға, оның ішінде қосалқы жалға беру, жер учаскесін автомобильдерді, сондай-ақ өзге де көлік құралдарын қою немесе сақтау үшін беру ақысын қоспағанда, қосылған құн салығынан (бұдан әрі - ҚҚС) босатылады дейтін редакцияда қолданылды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 188-бабының 1-тармағына сәйкес, меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы екеніне, ал Салық кодексі 226-бабының 2-тармағында билік ету құқығын беру көзделмегенін ескере, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті 20.11.2002 жылғы № НК-УМ-07-2-18/10922 хатпен жер учаскесін сату бойынша айналымға жалпылама белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс екені жөнінде түсіндірме берілген болатын.

2003 жылғы 1 қаңтардан осы кезге дейін Салық кодексі 226-бабының 2-тармағы жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесін жалға, оның ішінде қосалқы жалға беру, жер учаскесін автомобильдерді, сондай-ақ өзге де көлік құралдарын қою немесе сақтау үшін беру ақысын қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады дейтін редакцияда қолданылуда.

Салық кодексі 10-бабының 3-тармағына сәйкес Салық кодексінде пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңдары салаларындағы ұғымдар, егер осы Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, заңдардың сол салаларында пайдаланылатын мағынада қолданылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.