2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысына 42-51 қосымшалар) (үзінді) (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық мәселелерін шешу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайту, Қазақстанның халықаралық ұйымдар, әмбебап және өзге де халықаралық конвенциялар хатшылықтары алдындағы борыштық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету. Халықаралық маңызы бар іс-шараларды өткізуді уақтылы қамтамасыз ету (БҰҰ Бас Ассамблеясы, ВОИС, ОЭC, ИНТЕРПОЛ және т.б.).

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының 118 халықаралық ұйымдарда, конвенцияларда, ТМД-ның үлестік және басқа да органдарында дауыс беру құқығымен қатысуы, мемлекет басшылығының бастамашылықтарын ілгерілету мен іске асыру, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу салаларындағы халықаралық ұйымдардың саясатын айқындау арқылы еліміздің ұлттық мүдделерін қорғау.

Түпкі нәтижесі: Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастыққа одан әрі интеграциялану жолымен сыртқы саяси және сауда экономикалық мүддесін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесі ретінде аймақтық және жаһандық бағдарламаларды шешуге қатысуы, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету. Саясат, экономика, ғылым мен мәдениет салаларында шетел мемлекеттерімен, халықаралық ұйымдармен көп жақты қатынасты дамыту және нығайту.

Қаржылық-экономикалық нәтижесі: Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Хатшылығын - 122 906 мың теңге, Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы жанындағы Тұрақты өкілінің аппаратын - 16 526 мың теңге, ТМД терроризмге қарсы орталығындағы комиссияда Қазақстан Республикасының өкілін және ТМД Экономикалық Кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияда Қазақстан Республикасының өкілін - 2553 мың теңге, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасы өкілетті өкілінің апаратын - 71 546 мың теңге ұстау.

Мерзімді уақыты: Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша Сарапшылық кеңестің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға Төлем жоспарын және борышты міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету.

Сапасы: халықаралық ұйымдардың жұмысының нәтижесімен белгіленеді.

  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

44-ҚОСЫМША

 

 

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау»

деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 

1. Құны: 185198 мың теңге (бір жүз сексен бес миллион бір жүз тоқсан сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 мамырдағы»Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» № 542-30қ қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметтік комиссиясы туралы» № 1283 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 қазандағы «Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының Үкіметтік делегациясы туралы» № 1058 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын және Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен, Өзбекстан Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекарасының мызғымастығын қамтамасыз ету, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселелерін реттеу, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу, жергілікті жерлерде мемлекеттік шекара сызығын шекаралық белгілермен бекіту, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен, Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекарасын заңды түрде ресімдеу.

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: Келіссөздер жүргізу, 158 шекаралық белгілерді (қазақстан-қырғыз шекарасында - 60 белгілерді; қазақстан-ресей шекарасында - 200 белгілерді; қазақстан-өзбек шекарасында - 20 белгілерді) орнату, шекара сызығы межеленген топографиялық карталарды басып шығару. Масштабы 1:50000 жаңартылған демаркациялық карталар жасау; шекаралық белгілер дайындау, оларды жұмыстарды орындайтын жерге жеткізу.

Түпкі нәтижелері: Каспий теңізінің түбін межелеудің орта сызығын топографиялық карталарға түсіру, оларды сипаттау, жергілікті жерлерде Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен, Өзбекстан Республикасымен және Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекара сызығын шекаралық белгілермен бекіту, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі келісімдерге қол қою.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: 2008 жылға Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу жөніндегі келіссөздерді жүргізуге - 18980 мың теңге, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Түркменстанмен, Өзбекстан Республикасымен және Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарасын демаркациялау мәселелері бойынша үкіметтік делегацияларының отырыстарын өткізу - 49292 мың теңге, қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасын - 21724 мың теңгеге, қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасын - 70444 мың теңгеге, қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын - 13441 мың теңгеге демаркациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу, байланыс қызметі - 11317 мың теңге.

Уақытылығы: Демаркациялау, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша келіссөздерді жоспарлы түрде жүргізу және қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес қажетті демаркациялық жұмыстарды орындау.

  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

45-ҚОСЫМША

 

 

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Шетелдік іссапарлар»

деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 

1. Құны: 1490296 мың теңге (бір миллиард төрт жүз тоқсан миллион екі жүз тоқсан алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі «Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі туралы» № 410 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы «Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдік іссапарларға валюталық қаражатты жұмсауын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы» № 148 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамыту, Қазақстан Республикасының оң сипаттағы бейнесін ілгерілету, Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықта сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы қарым-қатынастарын кеңейту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, әлемдік қоғамдастықтың мүшесі ретінде жаһандық және өңірлік проблемаларды шешуде Қазақстан Республикасының рөлін арттыруға жәрдемдесу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, сондай-ақ Үкіметтік делегациялардың шетелдік сапарларын өткізу, Қазақстанның сессияларда, конференцияларда, мәжілістерде, симпозиумдарда, саммиттерде, форумдарда, екі және көп жақты келіссөздерде, консультацияларда, соның ішінде Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруіне байланысты келіссөздерде, Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі халықаралық-құқықтық шарттардың жобаларына қатысты сарапшылардың консультацияларында өкілдік ету, соның ішінде электрондық Үкімет құру, билер соты институтын құру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік үлгілерін ендіру секілді салаларды зерделеу және тәжірибе алмасу және тағы басқалары. Іс-шаралардың жоспарланып отырған саны 976.

Түпкі нәтижесі: Халықаралық құқықтық құжаттарды (келісімдер, шарттар, меморандумдар) пысықтау және оларға қол қою, тәжірибе алмасу және тиімді ынтымақтасу орнату, әріптестік, іскерлік байланыстарды жолға қою, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы ынтымақтастықты үйлестіру, Қазақстанның экономикасына инвестициялар тарту, әлемдік тауарлар мен қызмет көрсетулерге қол жеткізу, қазақстандық тауарлардың сатып-өткізу нарығын кеңейту, тауарларды экспорттау кезіндегі кеден баж салығын азайту және т.б.

Қаржылық экономикалық нәтиже: Елден тысқары жерлерге қызметтік іссапарға жіберілген бір адамның (жетекші маман) 4 күн кезеңде Мәскеу қаласына (Ресей) бір іссапарға жіберілген шығындары - 118 132,98 теңге және 4 күн кезеңге Мәскеу қаласына (Ресей) бір іссапарға жіберілген бір адамның (Министр) шығындары - 307 490,14 теңге (бір сапарға арналған орташа мөлшердегі шығындар 212 811,14 теңге құрайды); - Ресейге бір іссапарға арналған бір адамның шығыны - 118 132,98 теңге және Үндістан, ҚХР (Гонконг), Оңтүстік Корея, Чили, Филиппин елдеріне бір сапарға арналған бір адамның шығыны - 1 627 327,01 теңге (бір сапарға арналған орташа мөлшердегі шығындар 872 472,93 теңге құрайды).

Мерзімді уақыты: Басталғанға дейінгі әрбір шетелдік іссапарға ақшалай қаражатты бөлу туралы шешім қабылдау.

  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

46-ҚОСЫМША

 

 

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Өкілдік шығындар»

деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 1196526 мың теңге (бір миллиард бір жүз тоқсан алты миллион бес жүз жиырма алты мың теңге)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекетаралық қатынастарын дамыту және оның оң сипаттағы имиджін ілгерілету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасында ресми делегациялардың, соның ішінде шетелдік делегациялардың қатысуымен кеңестер мен семинарлар, салтанатты және өзге де өкілдік іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің, республикалық бюджет есебінен ұсталатын, халықаралық қадағалау комиссиясының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретінде жіберілетін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың шетелге іссапарлары уақытында өкілдік шығындары.

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: Сессиялар, конференциялар, мәжілістер, симпозиумдар, саммиттер, форумдар, екі және көп жақты келіссөздер, консультациялар өткізу, оның ішінде АӨСШК, Шетелдегі қазақ диаспорасының мәселелеріне байланысты конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздер процесін жүргізу, Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру жөніндегі халықаралық-құқықтық шарттар жобаларына қатысты сарапшылар консультацияларын және т.б. өткізу. Іс-шаралардың жоспарланып отырған саны 380.

Түпкі нәтижесі: Халықаралық-құқықтық құжаттарды (келісімдер, шарттар, меморандумдар) пысықтау және қол қою, өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, серіктестік, іскерлік байланыстарды жолға қоюда тәжірибе алмасу, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы ынтымақтастықты үйлестіру, Қазақстан экономикасына инвестиция тарту, тауарлар және қызмет көрсетулердің әлемдік рыногына шығу, қазақстандық тауарларды өткізу рыноктарын кеңейту, тауарларды экспорттау кезінде кедендік баж салығын азайту және т.б.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: Республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын оңтайландыру және оның тиімділігі.

«Өкілдік шығындар» бағдарламасын іске асыру барысында көрсетілетін қызметтердің бірлігіне арналған шығындардың жоспарланған көлемін іс жүзіндегі шығындардың көлемімен салыстыру мүмкін емес, өйткені барлығы осы іс-шараға қатысатын делегациялар мүшелерінің санына және олардың мәртебесіне байланысты. Адамның немесе іс-шараның саны жөніндегі орташа арифметикалық деректер жұмсалған қаражатты тиімді пайдалану туралы анық ақпарат бере алмайды, мәселен:»Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жоғары лауазымды тұлғаларының отырысын және Сыртқы істер министрлері кеңесінің 15-мәжілісін өткізуге» 11 388 577,0 теңге сомасында бюджеттік қаражат бөлінді қатысқандардың саны 250 адам. Бір адамға арналған шығындардың орташа мөлшері 455 540 теңге құрады, ал Сенім грамотасын тапсыру 28 600,0 теңге құрайды, оған қатысқандардың саны 14 адам. Бір адамға арналған шығындардың орташа мөлшері 2 042,0 теңге құрайды.

Мерзімді уақыты: Басталғанға дейінгі өкілдік шығындарды талап ететін іс-шараларды өткізуге арналған ақшалай қаражатты бөлу туралы шешім қабылдау.

  

Қазақстан Республикасы Yкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

47-ҚОСЫМША (өте құпия)

 

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

48-ҚОСЫМША

 

 

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде

жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу және салу»

деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның