2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысына 315-339 қосымшалар) (үзінді) (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Құрылыс саласын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы халықаралық стандарттарға жауап беретін, қазіргі заманғы мемлекеттік нормативтермен қамтамасыз ету, Қазақстан Дүние жүзілік сауда ұйымына кірген кезде техникалық кедергілерді жою, экономиканың базалық саласының объектілерін салу үшін жобалаудың нормативтік базасын жаңарту және жетілдіру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді, сонымен катар жобалық ұсыныстарды, үдемелі материалдарды, инженерлік жабдықтарды және тұрғын үй-азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстағы технологияларды пайдалана отырып, жобалық ұсыныстар, техникалық шешімдер әзірлеу және қайта әзірлеу;

тұрақтылық, беріктік, жарылыс-өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі, отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ету проблемалары бойынша іздестіру, жобалау, салу үшін жалпы техникалық нормативтік құжаттар базасын қалыптастыру;

сметалық-нормативтік құжаттаманы жетілдіру және сметалық нормалардың нормативтік базаларын кеңейту;

үлгі жобаларды әзірлеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: сметалық-нормативтік құжаттардың 25 жинағын әзірлеу және қайта өңдеу және «SАNA-2001» бағдарламалық қамтамасыз етуді кеңейту және толықтыру;

8 нормативтік құжатты әзірлеу (қайта өңдеу) және бекіту;

1 жаңа үлгі жоба әзірлеу және 28 үлгі жобаны әзірлеуді аяқтау. Халықты жаңадан орналастыру және өндіруші күштерді орналастыру жүйесін қамтитын оның негізгі ережелерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар. Өңірлердің экономикалық әлеуетін дамытудың алғы шарттарына және Қазақстан Республикасының халқын таратып орналастыруға зерттеу жүргізу.

Түпкілікті нәтиже: сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді жетілдіру, дамыған елдердің техникалық регламенттеріне сәйкес келетін құрылыстың мемлекеттік нормативтерін қолданысқа енгізу;

Еуро стандарттарға сәйкес келетін құрылыс өнімдерінің сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу үшін жағдайлар жасау.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір нормативтік-техникалық құжатты әзірлеудің орташа құны 1-бөлім бойынша 2217,85 мың теңге.

бір нормативтік-техникалық құжатты әзірлеудің орташа құны 2-бөлім бойынша 5271,5 мың теңге;

бір нормативтік-техникалық құжатты әзірлеуді аяқтаудың орташа құны 3-бөлім бойынша 3843,4 мың теңге;

бір нормативтік-техникалық құжатты әзірлеуді бастаудың орташа құны 3-бөлім бойынша 7891,0 мың теңге;

бір нормативтік-техникалық құжатты әзірлеудің орташа құны 4-бөлім бойынша 1 400,0 мың теңгеден 3719,0 мың теңгеге дейін.

Уақыттылығы: 2008 жылға арналған тақырыптық жоспарға сәйкес.

Сапасы: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті ғылыми-техникалық кеңесінің нормативтік құжаттарды мақұлдауы және бекітуі.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

326-ҚОСЫМША

 

 

233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру»

деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 127484420 мың теңге (бір жүз жиырма жеті миллиард төрт жүз сексен төрт миллион төрт жүз жиырма мың).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы; «Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан кейінгі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі Жарлығы; Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары; «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығы; «Қазақстанның Даму банкі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңы; «Қазақстанның инвестициялық қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы; «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы Заңы; «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруға бағытталған ғылыми-инновациялық қызметті институционалдық қамтамасыз етуді дамыту жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 775 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысы; «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: даму институттарын тиімді корпоративтік басқару жолымен инновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың ережелерін ескере отырып, индустриялық-инновациялық даму саласындағы мамандандырылған кеңестің ұсынымдары негізінде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге даму институттарының жетуін қамтамасыз ету;

- даму институттарының корпоративтік басқарудың ең мықты әлемдік практикасын енгізу.

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

- 2008 жылы экономикаға Банк беретін кредиттердің көлемінің өсу қарқынын қамтамасыз ету;

- шикізаттық емес салаларда ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды инвестициялау және тарту;

- экономиканың шикізаттық емес секторындағы жеке сектордың бастамаларына қаржылық қолдау көрсету;

- өңірлерде шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау үлесін ұлғайту Алматы қаласында тұрғын үй нарығындағы жағдайды тұрақтандыру.

Түпкі нәтиже:

- инвестициялық жобаларда ауқымды қатысу;

- түпкі өнімдердің экспортына бағытталған өндірістерді дамыту;

- Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын көтеру;

- шағын бизнесті әртараптандыру;

- экономиканың барлық секторларындағы инвестициялық белсенділікті арттыру және ынталандыру.

Уақыттылығы: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес.

Сапасы: шикізаттық емес секторды дамытуға бағытталған өндіріс көлемдерін ұлғайта отырып, елдің экономика құрылымын әртараптандыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

327-ҚОСЫМША

 

 

233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Сауда саясатын жетілдіру»

деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 

1. Құны: 179726 мың теңге (бір жүз жетпіс тоғыз миллион жеті жүз жиырма алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканы әртараптандыру және жоғары қосылған құны бар тауарлар өндірісін ынталандыруға бағытталатын Қазақстан Республикасының сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру; Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі және Қазақстанның экономикалық негізделген жағдайларда басқа да өңірлік интеграциялық бірлестіктерге мүше болуы; республиканың ДСҰ шеңберіндегі тиімді қызметін дайындау, оның ішінде отандық кәсіпкерлікті қолдау үшін жағдайлар жасау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстанның саудасын дамытуға бағытталған сапалы талдау мен зерттеулерін жүргізу, оның ішінде ДСҰ талаптарына сәйкес келетін отандық тауар өндірушілерді және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі шараларды әзірлеу, сондай-ақ республиканың әлемдік экономикадағы орнын айқындау; сауда саясаты мәселелері бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға консультация беру; отандық бизнесті ДСҰ ережелерімен таныстыру жұмыстарын жүргізу; қажетті хабарламаларды және сауданың жалпы қолдану шараларына қатысты ДСҰ-ға мүше елдердің сұрақтарына жауаптар беру мәселелеріне қатысты ДСҰ Хатшылығымен өзара іс-қимыл.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

Мыналар:

- ДСҰ шеңберінде міндеттемелерді орындау жөніндегі Ақпараттық орталықты құру тұжырымдамасы;

- Доха раунды мәселелерін қолдана отырып, отандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қолдауға бағытталған ДСҰ талаптарына сәйкес келетін ұсыныстар;

- Қазақстан Республикасының Үкіметтік сатып алулар бойынша ДСҰ келісіміне қосылуының мәселесі жөніндегі ұсыныс;

- «Еркін қойма» кедендік режимі шеңберіндегі ҚҚС бойынша жеңілдіктерді жою жағдайларында ДСҰ талаптарына сәйкес келетін отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар әзірленетін болады.

Халықаралық сауда құқығына оқыту (қайта оқыту) орталықтарын құру мәселесі пысықталатын болады.

Түпкі нәтиже: бірінші кезеңде республика үшін экономикалық тиімді жағдайларда Қазақстанның ДСҰ-ға кіру мүшелігін жағдайлармен қамтамасыз ету (бірінші кезең - ДСҰ-ға кірген сәттен бастап 3-5 жылға созылатын бейімделу немесе өтпелі кезең; екінші кезең - ДСҰ құралдарының көмегімен Қазақстанның мүдделерін жылжытатын белсенді қатысушы.

Қаржы-экономикалық нәтиже: Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің келеңсіз салдарларын азайту және Қазақстанның экономикасын дамытуға Қазақстанның басқа да өңірлік интеграциялық бірлестіктерге мүше болуы.

Уақыттылығы: жасалған шарттарға сәйкес белгіленген мерзімде жоспарланған іс-шараларды орындау.

Сапасы: ДСҰ талаптарын есепке ала отырып, отандық кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдауды күшейту;

Халықаралық сауданы дамыту процестерінде Қазақстанның белсенді қатысуы үшін жағдайлар жасау.

 

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 Қаулысымен 327-1-қосымшамен толықтырылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

327-1 ҚОСЫМША

 

233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытуға Оңтүстік Қазақстан

облысының әкімдігіне дамуға берілетін мақсатты трансферттер»

деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1992936 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз тоқсан екі миллион тоғыз жүз отыз алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Жарлығы; «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру бойынша шұғыл іс-шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 770 Қаулысы; «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 279 Қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 мамырдағы № 439 Қаулысы; «2007-2015 жылдарға арналған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 қыркүйектегі № 895 Қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:

республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тоқыма өнеркәсібін дамыту, Қазақстан Республикасы экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін белсендету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жіп иіру, тоқыма және тігін өндірістерінің, дайын өнім өндірістерінің 15 жаңа кәсіпорындарының құрылысы үшін тоқыма секторына инвесторларды тарту бойынша қолайлы инвестициялық жағдай мен инфрақұрылымды құру; дайын тоқыма өнімдерін өндіру үшін әлемдік брендтерді тарту; тиімділігі жоғары өндірістерді құру, өндірілетін тоқыма өнімдерінің сапасы мен ассортиментін жақсарту.

6. Бюджеттік багдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: