«электрондық үкіметтің» қызметтеріне қол жеткізілімді қалыптастыру және қамтамасыз ету;
заманауи ақпаратты-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен азаматтарға тиімді жаппай ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
«электрондық үкімет» инфрақұрылымының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
деректерді беру ашық желілері арқылы қорғалған электрондық төлемдерді жүзеге асыру мүмкіншілігімен әртүрлі банкалық төлем жүйелеріне мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдаланушылардың сәйкестендірілген қол жеткізілім тетігін құру.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Рұқсат берілетін құжаттарды есепке алу саласындағы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің ақпараттық жүйесін пайдалануға енгізу. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік органдардың электрондық қызметтеріне бір нүктеден қол жеткізуді қамтамасыз ету. Интерфейстің, қауіпсіздікті және сенімділікті пайдаланушылық қарапайымдылығы ретінде осындай функционалдық емес талаптарды ескере отырып Қазақстан Республикасының адамзат әлеуетін дамытуға, Қазақстан Республикасы халқының ортасында Интернет желілерін пайдаланушылар санын арттыруға ықпал ететін Қазақстан Республикасында Интернет желісін пайдаланушыларының санын жоғарылататын веб-порталды әзірлеу; Мемлекеттік органдар үшін куәландырушы орталығының үзіліссіз жұмыстарын қамтамасыз ету, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және ЭҚАБЖ қатысушыларына тіркеу куәліктерін беру; Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары үшін Ұлттық куәландырушы орталығын құрудың 3-ші кезеңін іске асыру: Ұлттық куәландырушы орталығының Резервтік жүйесін құру, 10 құру және 18 Тіркеу Орталықтарын дамыту; Е-үкімет ақпараттық инфрақұрылымының ақпараттық қауіпсіздігі қауіп-қатерін болжау, айқындау, ескерту мен болдырмау және олардың ықпал ету салдарын жою мүмкіншілігі. Жылжымайтын мүлік және оған құқықтар туралы орталықтандырылған дерекқор қалыптастыру. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы рұқсат беру құжаттарын беру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
1224 қаулысына
378-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 852952 мың теңге (сегіз жүз елу екі миллион тоғыз жүз елу екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы; «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 1) Қазақстан Республикасының 14 облысында, Астана, Алматы қалаларында халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту;
2) бағдарламаны іске асырудың мониторингі жүйесін құру және мерзімдік талдауын жүргізу;
3) мамандандырылған оқыту орталықтарын құру және АТ-мамандардың біліктілігін арттыру;
4) Интернет желісінің қазақстандық сегментін толтыру мақсатында ақпараттандыру саласындағы ақпаратты-танымдық бағдарламаларды әзірлеу;
5) Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі Бағдарламасы іс-шараларының қоғамдық қолдауын қалыптастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: 1) Қазақстан Республикасының 14 облысында, астана, Алматы қалаларында компьютерлік сауаттылыққа оқытылған халық 6,4%-дан кем емес;
2) отандық АТ-мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау;
3) халық үшін Интернет желісінде ақпараттарды ыңғайлы және сапалы іздеу;
4) халыққа веб-портал арқылы ақпараттық технологиялар саласындағы өзекті және танымдық ақпараттарды беру;
5) Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының іс-шараларын іске асыру барысын мемлекеттік және орыс тілдерінде ірі ауқымды жариялау.