ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1. Арнаулы (түзету) білім беру ұйымдары үшін:
1) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленеді - 4 атау;
2) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер аударылады - 8 атау.
2. 2 сыныптары үшін орысша және қазақша тілдерде электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленеді - 5 атау.
3. 2008-2009 оқу жылында 1 және 8 сынып оқушыларын оқу әдебиетімен қамтамасыз ету:
1) республикалық білім беру ұйымдары:
1-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 33 атау;
орыс тілінде - 33 атау;
8-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 57 атау;
орыс тілінде - 54 атау;
2) шетелдегі қазақ диаспорасы бойынша:
1-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 10 атау.
4. 12-жылдық мектептер үшін:
1) 1) 6 сынып үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленеді: қазақ тілінде - 70 атау; орыс тілінде - 70 атау.
2) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 4) 6-сынып үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері басып шығарылған, тәжірибеден өткізілген және жеткізілген:
қазақ тілінде - 70 атау;
орыс тілінде - 70 атау.
5. 1164 дана оқу әдебиеттеріне сараптама жасалады.
6. «Өзін өзі тану» пәні бойынша 7, 8-сыныптар мен 3, 4-курстары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері әзірленеді - 17 атау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Жоспарланған оқу әдебиеттің орташа бағасы:
1. Арнаулы (түзету) ұйымдары үшін 1 баспа табағының орташа бағасы (шығыстарсыз):
1) оқулықтарды әзірлеу - 31800 теңге;
2) оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу - 23320 теңге;
3) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді аудару - 18375 теңге.
2. 2-сыныптар үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу 1 оқу әдебиетінің бағасы - 1500000 теңге.
3. 2008-2009 оқу жылында республикалық білім беру ұйымдары және шетелдегі қазақ диаспорасының 1 және 8 сынып оқушылары үшін оқу әдебиетін басып шығару (көлік шығындарын есептемегенде):
1) оқулықтар - 455 теңге;
2) оқу-әдістемелік кешендер - 212 теңге.
4. 12-жылдық мектептің 6-сыныбы үшін:
1) оқулықтың 1 баспа табағын әзірлеу - 21728 теңге, оқу-әдістемелік кешендердің 1 баспа табағын әзірлеу - 15000 теңге;
2) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) оқулықтың 1 экземплярын басып шығару - 455 теңге, оқу-әдістемелік кешендердің 1 экземплярын басып шығару - 212 теңге.
5. Оқу әдебиетін 1 баспа табағын сараптау - 4448 теңге.
6. «Өзін өзі тану» пәні бойынша:
1) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің 1 баспа табағын әзірлеу (шығыстарсыз) - 16309 теңге.
Соңғы нәтиже:
білім деңгейін көтеру үшін оқушылар мен оқытушылардың оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге сұраныстарын қамтамасыз ету.
Уақыттылығы:
республикалық жалпы орта білім беру ұйымдары және шетелдегі қазақ диаспорасын оқу жылының басына қарай оқу әдебиетімен қамтамасыз ету - 100 пайыз.
Сапасы:
Мемлекеттік сараптаманың болымды қорытындысымен оқу әдебиетін әзірлеу, аудару және басып шығару.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
238-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1652116 мың теңге (бір миллиард алты жүз елу екі миллион бір жүз он алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 31, 47, 48-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі; «Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысы; «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бүгінгі өркениеттің түбегейлі жаңару жағдайында ойлау мен іс-әрекетке қабілетті жан-жақты дамыған, үйлесімді адамды тәрбиелеу, дарынды балаларды әлеуметтік, құқықтық және парасаттық жағынан қорғау, парасаттық мүмкіндікті қалыптастыруға ықпал жасау, республиканың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға халықты қанағаттандыру үшін оқушыларға тереңдетілген және жоғары деңгейдегі білім беруге себеп жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарынан келген дарынды және жетім балаларды оқыту. Оқушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламалар бойынша бейімдік пәндер арқылы тереңдете даярлау. Адамның жеке бейімділігін, шығармашылық қабілетін дамыту және азаматтыққа тәрбиелеу. Дарынды балаларды анықтауға қажетті жағдайлар жасау. Оқушыларды олимпиадаларға, жоғары оқу орындарына түсуге іріктеу және даярлау.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. Оқушылардың орташа саны: мемлекеттік мекемелерде - 3036, оның ішінде: әскери мамандықтары бойынша кәсіптік білімге дейін тереңдете оқыту бойынша - 1350, музыка мамандықтары бойынша кәсіптік білімге дейін тереңдете оқыту бойынша - 480, мемлекеттік тілі мен әдебиетін тереңдете оқыту бойынша - 370, жаратылыс-математика ғылымын тереңдетіп оқу бойынша - 836
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының оқушыларының саны - 560.
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының бір кіруі - 288 құрайды.
2. Басты құралдар алу:
1) 6 республикалық мемлекеттік мекемелер үшін, оның ішінде:
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы республикалық Шымкент әскери мектеп-интернатына 1-ден кем емес интерактивті сынып жинағын;
Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Я.Бегелдинов атындағы Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернатын 1-ден кем емес интерактивті сынып жинағы;
Б. Момышұлы атындағы республикалық Алматы әскери мектеп-интернатына 1-ден кем емес интерактивті сынып жинағы;
Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатына 1-ден кем емес интерактивті сынып жинағы;
Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатына 1-ден кем емес интерактивті сынып жинағы;
О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатына 1-ден кем емес интерактивті сынып жинағы;
2) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығына, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына 39-ден кем емес.
3. Күрделі жөндеу жүргізу:
1) 6 республикалық мектеп-интернаттарға күрделі жөндеу жүргізу, оның ішінде:
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы республикалық Шымкент әскери мектеп-интернаты, Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Я.Бегелдинов атындағы Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты, Б. Момышұлы атындағы республикалық Алматы әскери мектеп-интернаты, Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты, Абай атындағы республикалық мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты, О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты;
2) «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Соңғы нәтиже: оқушыларға тереңдетілген және жоғары деңгейдегі білім беруде халықты қанағаттандыру үшін республиканың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру. Мектеп-интернаттарды басты құралдармен қамтамасыз етудің үлесі сұраныстың 50 пайызын құрайды, мемлекеттік мекемелерді күрделі жөндеуден өткізудің үлесі сұраныстың 94 пайызын құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Бір оқушыны оқыту мен тәрбиелеудің бір жылдық құны (күрделі шығындарды қоспағанда):
1) мемлекеттік мекемелерде - 352,9 мың теңге;
2) мемлекеттік кәсіпорындарында - 78,0 мың теңге;
3) ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Уақыттылығы: оқу бітіруші оқушылардың іс жүзіндегі саны 800 адамнан кем емес.
Сапасы: Республикалық мемлекеттік мекемелерді «жақсы» және «өте жақсы» бағалармен аяқтаған оқушылардың үлесі 65 пайыздан кем емес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
239-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Республикалық мектеп олимпиадаларын, конкурстарды, республикалық
маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды өткізу»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 369140 мың теңге (үш жүз алпыс тоғыз миллион бір жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 14, 23, 31, 32, 33, 34, 47, 48-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: танымға және өркениетке тұлғаның дамуын дәлелдеу, дарынды балалар мен жастарды тани білудің, іріктеудің, қолдаудың, дамытудың және білімнің жоғары деңгейін қамтамасыз етудің жүйесін жасау, қазіргі өркениетті түпкілікті өзгертудің жаңа жағдайында ойлауға және әрекет етуге қабілетті шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыру, дене тәрбиесі саласында практикалық жұмыстарды жүзеге асыру, мектеп жасындағы балалар, оқушы жастар арасында дене тәрбиесін жетілдіру; республикалық шараларды ұйымдастыру, жеке адамның дербес бейімділігін, шығармашылық қабілетін дамыту және азаматтыққа тәрбиелеу, халықаралық спорттық универсиадаларға қатысу, дарынды білім алушыларды тани білу, республикалық конкурстар, көрмелер, спорттық кешендік іс-шаралар өткізу, балалардың мәдени демалысын ұйымдастыру, дарынды балаларды іздестіру, тәрбиелеу, оқыту және қолдау жөніндегі практикалық қызметті дамыту үшін басқару жүйесін құру, дарынды балаларды тани білу үшін қажетті жағдайлар жасау, халықаралық олимпиадаларға, жарыстарға, конкурстарға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, әлеуметтік, құқықтық және дарынды балалар мен жастарды интеллектуалдық жағынан қорғау, интеллектуалдық әулиетін қалыптастыруға себеп жасау. Қазақстан Республикасында жеке адамның дарындылығын дамытудың инновациялық білім технологиялары саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Халықаралық республикалық олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, конференцияларға, көрмелерге, семинарларға, спорттық шараларға, универсиадаларға, спартакиадаларға, чемпионаттарға, мәдени демалыстарға қатысушы оқушылардың саны - 40 мыңнан астам.
Соңғы нәтиже:
Балалардың өзін-өзі билеуінің кәсіби деңгейі.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Халықаралық, республикалық олимпиадаларға, ғылыми жобалар жарыстарына, спорттық шараларға, универсиадаларға, спартакиадаларға, чемпионаттарға және тағы басқа іс-шараларға қатысушыларының 1 адамына арналған шығынның орташа есебі - 9,2 мың теңге.
Уақыттылығы: кесте бойынша жұмыс жүргізу.
Сапасы: халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалар жарыстарының, спорттық шаралардың, универсиадалар, спартакиадалар, чемпионаттардың жеңімпаздарының үлесі ағымдағы жылда қатысушылардың жалпы санының 0,7 пайызын құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
240-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Білім беру және ғылым объектілерін салу және реконструкциялау»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 1-тармақ жаңа ркдакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 10 240 845 мың теңге (он миллиард екі жүз қырық миллион сегіз жүз қырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 14 қазандағы № 1459 Жарлығы;
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының ғылымын дамыту, экономиканың барлық саласына жоғары деңгейлі және бәсекелік мүмкіндігі бар кадрларды дайындау сапасын жоғарлату және жеке тұлғамен қауымның қажеттіліктерін қанағаттандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: білім және ғылым объектілерін салу және қайта жаңғырту жолымен білім және ғылым мекемелерін қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайға жеткізу, білім берудің барлық деңгейіндегі ұйымдарда оқушылардың білім алу жағдайын жақсарту, білім беру және ғылым ұйымдарының желісін дамыту.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: