ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) Мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары білім беру бағдарламасы бойынша орташа жылдық контингентін оқыту - 106 485 адамға дейін;
2) Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша студенттер мен тыңдаушыларды қабылдау - 28390 адамға дейін, магистрлер - 2520 адамға дейін, PhD докторлары - 100 адам.
3) М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті үшін сатып алынған оқулықтардың саны - 270 бірлікке дейін;
4) Жоғары білім алатын азаматтар санынан, барлық санаттағы стипендиаттардың орташа жылдық контингенті - 85 080;
5) Мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша білім алушылардың орташа жылдық саны - 6460 адамға дейін; оның ішінде магистранттар - 4619 адам;
6) Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алатын күндізгі оқу нысаны стипендиаттарының орташа жылдық саны - 6362 адам;
7) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына орташа жылдық контингенті 649 оқушыға дейін даярлау, оның ішінде 180 адам қабылдау;
8) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына 77 бірлік негізгі құралдар сатып алу;
9) Азаматтық авиация академиясының жаттығу және жазғы практикадан өтетін студенттерінің орташа жылдық саны - 16 адамға дейін;
10) Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша білім алушылардың орташа жылдық саны - 7267 адамға дейін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша қабылдау - 3000 адам;
11) Қазақстан Республикасы Президентінің»«Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттары саны - 3000 адамға дейін;
12) Ұлттық жоғары оқу орындарына тартылған шетелдік консультанттар саны - 70 ставкаға дейін;
13) Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанында білім алушылардан жол жүру өтемақысын алатындар саны - 111 949 адамға дейін.
Түпкі нәтиже:
1) Орталық және жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша берілген мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде 2007 жылдағы жоғары кәсіптік білімді мамандарға қажеттіліктен мемлекеттік білім тапсырысы бойынша жоғары білім алғандар үлесі - 50%;
2) Жоғары оқу орнын бітіргендер санынан еңбекпен қамтылған жоғары білімді мамандар пайызы - 60 % дейін;
3) жобалық-сметалық құжаттама ұсынған жоғары оқу орындарының ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігін республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ету дәрежесі - 25 % дейін;
4) Ағымдағы жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандарды даярлау үшін шетелдік консультанттарды тартудағы қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесі - 40 % дейін.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
1) Ағымдағы орташа шығыстар:
Бір студентті және магистрантты оқытудың орташа құны мәртебесіз жоғары оқу орындарында оқыту - 187,6 мың теңге, ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орындарында 2007 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 254,0 мың теңге кем емес;
магистрантты оқытудың орташа құны - 393,8 мың теңге;
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында магистрантты оқытудың орташа құны - 808,8 мың теңге;
Аспирантты оқытудың орташа құны - 113,6 мың теңге;
PhD докторын оқытудың орташа құны - 1270,0 мың теңге.
2) Стипендиясының мөлшері:
студенттерге - 6434 теңге;
студенттерге: 1 қаңтардан бастап - 6434 теңге, 1 қыркүйектен бастап - 7500 теңге;
даярлық тобының тыңдаушыларына: 1 қаңтардан бастап - 5469 теңге, 1 қыркүйектен бастап - 6375 теңге;
магистранттарға - 19166 теңге;
өндірістен қол үзе отырып оқитын аспиранттарға - 23000 теңге;
дәстүрлі оқыту нысанының докторанттарына және PhD докторына - 29359 мың теңге;
3) Жетім балалар құрамындағы студенттер үшін тамақтану шығысының нормалары 525 теңгеден кем емес, ата-анасының қамқорлығынсыз (қорғанынсыз) қалған балалар құрамындағы студенттер үшін - 210 теңге кем емес.
4) Жаттығу және жазғы практика өтетін Азаматтық авиация академиясының бір студентіне жұмсалатын орташа шығыстар - 3336 мың теңгеден кем емес;
5) М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті үшін бір оқулық сатып алуға жұмсалатын орташа шығыстар - 1,0 мың. теңгеге дейін;
6) Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында бір запастағы офицерді даярлауға жұмсалатын орташа шығыстар - 83 мың теңгеден кем емес.
Уақтылығы: Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша жоғары білім алған Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 10 000 тұрғынға - 18 адам.
Сапасы:
1) Бірыңғай ұлттық тестілеу бойынша мемлекеттік білім тапсырысы бойынша 1 курсқа қабылданғандардың орташа баллы - 60 баллдан кем емес, кешенді тестілеу бойынша - 50 баллдан кем емес;
2) Жаңадан қабылданғандарды стипендиямен қамтамасыз ету пайызы - 100 %, оқуын жалғастырушылар - 75 пайыздан кем емес;
3) Білім алушылардың жалпы санынан, оқудан шығарылғандардың үлесі - 2 %;
4) Оқу бітіргендердің жалпы санынан, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары оқу орнын үздік бітірген жоғары білімді түлектердің үлесі 10 %-дан кем емес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
247-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау»
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 139053 мың теңге (бір жүз отыз тоғыз миллион елу үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 11, 24, 37, 38, 51, 53-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім саласында қызмет сапасын жақсарту, мамандардың отандық және шетелдік озық тәжірибеде тиісті ғылым мен техника салаларындағы жаңа жетістіктер туралы білім алуға деген талабын қанағаттандыру; бұрын алған кәсіптік білімді тереңдету немесе жаңа кәсіптік білім алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: лауазымдық міндеттерін тиімді орындап, кәсіптік шеберліктерін жетілдіру үшін қойылған біліктілік талаптарына сәйкес өздерінің кәсіптік қызметі саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын жаңартып отыру. Білім беру, спорт және денешынықтыру мамандарының кәсіптік білімдері мен дағдыларын тереңдету, консультативтік-әдістемелік көмек көрсету. Аймақтық білім беру жүйелері мен оқу орындарын басқарудың сапасын арттыру, мектепті 12 жылдық оқуға көшіру үшін кадрлар даярлау, білім ұйымдарында мұғалімдер мен оқытушылардың жұмысқа кәсіптік және психологиялық дайындық сапасын арттыру. Ұйымдардың, білім басқармаларының басшыларының, білім берудің барлық деңгейдегі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру. «Өзін өзі тану» пәні бойынша оқытушылар дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өтуші тыңдаушылардың орташа саны - 7371.
2. Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығына басты құралдар сатып алу - 3 бірліктен кем емес.
Соңғы нәтижелер:
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі шараларды педагог кадрлармен қамтамасыз ету.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауда қажеттілікті қамтамасыз ету үлесі - 30 пайызды құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бір тыңдаушыны оқытудың құны (күрделі шығындарды қоспағанда) - 18 808 теңгені құрайды.
Уақыттылығы:
жұмыс жүргізудің кестесіне сәйкес.
Сапасы:
білім саласына сапалы жағдай жасау үшін мамандардың кәсіптік білімі мен іскерлігін қолдану.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
248-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Сейсмологиялық ақпарат мониторингі»
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 229533 мың теңге (екі жүз жиырма тоғыз миллион бес жүз отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңының 1 , 5 , 14, 15-баптары; «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 1, 7, 8, 17, 25-баптары; «Республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында қиратқыш жерсілкіністерінің залалын төмендету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 тамыздағы № 1286 қаулысы; «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттық лимиттері сандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қыртысының алдағы қозғалысы туралы уақытылы болжау және ақпараттандыру арқылы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының сейсмологиялық қауіпті аудандарында жерсілкіністерін болжау мақсатында кешенді зерттеулер ұйымдастыру және өткізу, материалдық-техникалық базаны нығайту және сапалы ғылыми қызмет үшін сейсмикалық стансаларды қайта жарақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жер сілкінісін болжау бойынша зерттеулер қорытындысын тәжірибелік апробациялау, бақылаудағы аумақ пен іргелес аудандардағы жерсілкіністері туралы деректерді тіркеу және өңдеу; далалық аспаптармен бақылау жүргізу және стационарлық станциялар желісінде сапалы әрі үздіксіз сейсмикалық, геофизикалық, гидрогеохимиялық, гидрогеодинамикалық, деформографиялық, ойысөлшеу, сейсмобиологиялық ақпарат алу, алған ақпаратты алғашқы өңдеуден өткізу; зерттелетін аумақты сейсмикалық бақылау тәртібі бойынша тақырыптық жұмыстар жүргізу; Қазақстан Республикасының аумағында сейсмикалық мониторингті жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының аумағында қатты жерсілкіністердің эпицентрлік аймақтарында уақытша сейсмикалық және геофизикалық станциялардың және өзге де бақылау түрлерінің жұмысын жандандыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы директивалық органдарының өкімі бойынша жұмыстар орындау; бақылаудағы аумақ бойынша барлық байқалған және күшті жерсілкіністер туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын мезгілінде хабарландырып отыру; Білім және ғылым министрлігі жанындағы жерсілкіністерін болжау жөніндегі ведомствоаралық Комиссияға мезгілінде материалдар беріп отыру; жерсілкіністерінің оперативтік каталогтарымен бюллетендерін жасау, сейсмологиялық, геофизикалық, гидрогеохимиялық, деформографиялық және басқа да ақпараттар мұрағатын құрастыру; аспаптық бақылау деректерін тіркеу, жөнелту және өңдеу үрдістерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізу; жерсілкіністер болжамдары бойынша бақылау жүргізу және материалдарды өңдеу үшін жаңа әдістер мен техникалық құралдарды өңдеу. Бақылауларды, тапсыруларды және деректерді өңдеуді автоматтандыру процестерінің мығымдылығы мен белсенділігін көтеру үшін сейсмикалық стансалардағы құрылғыларды жаңарту.