7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
коммерциялық емес жастар ұйымдарының базасында жұмыс істейтін әлеуметтік қызметтердің әр облыстың жастары үшін жұмыс істеуін қамтамасыз ету; жастардың кем дегенде 26 әлеуметтік маңызды бастамасын іске асыру;
республика жастарының көшбасшылық қасиетін шоғырландыруға және дамытуға бағытталған жалпы республикалық 9 іс-шара өткізу;
жастар саясатын іске асыру саласында кем дегенде 4 стандарт әзірлеу;
жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша кем дегенде 1000 әдістемелік құралдар мен ұсынымдар басып шығару;
жұмысшы мамандықтарын танымал ету және насихаттау жөніндегі әлеуметтік роликтерді әзірлеу;
«Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру шеңберінде кемінде 12 мың адамды еңбекпен қамту және олар атқаратын қызметке ақы төлеу, киім-кешекпен қамтамасыз ету;
республикалық және облыстық деңгейде жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
«Жасыл ел» бастамасын танымал етуге бағытталған акция өткізу;
азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жүйесін дамытуға бағытталған 10 республикалық іс-шара өткізу;
білім ұйымдарында оқыту үшін қосымша ақпараттық материалдарды енгізу мақсатында ұлттық бірлік тақырыбындағы қолданыстағы оқу материалдарын талдау;
экскурсиялық, өлкетану жұмыстары бойынша кем дегенде 2 бағдарлама әзірлеу;
мемлекеттік рәміздері бар кем дегенде 10 000 бояу-кітапшаларын тиражбен басып шығару;
мектепке дейінгі, бастауыш мектеп және орта мектеп жасындағы балаларға арналған патриоттық мазмұндағы кем дегенде 6000 кітап тиражбен шығару.
Түпкі нәтиже:
еліміздің жастар ұйымдары мен бастамашы топтары көшбасшыларының 50%-ы өз жұмысын мемлекеттік-патриоттық негізде құрады;
кемінде 1,5 млн. жас адамды қоғамдық-саяси процеске белсене қатыстыру;
кемінде 3,2 млн. жастарға әлеуметтік қызмет көрсету;
жастармен жұмысқа кем дегенде 320 әлеуметтік қызметкерді, соның ішінде волонтерлерді тартуды қамтамасыз ету;
жастар ұйымдарының жұмысына кемінде 800 мың жас адам қатысатын болады;
ормандар мен ағаш өсіруді қайта өндіру, орманды сақтау, қорғау және қайта өндіру саласындағы жағдайларды тұрақтандыруға бағытталған елді мекендерді көгалдандыру және сәулеттендіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға жастарды тарту - 12 мың сарбаз;
қазақстандықтардың Қазақстан Республикасымен азаматтық сәйкестендіру деңгейін көтеру;
азаматтардың патриоттық қозғалысқа қатысу қызығушылығын арттыру;
азаматтардың патриоттық санасын арттырудың мемлекеттік саясатын іске асыруды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз етуді күшейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
жастармен жұмыс жөніндегі бір іс-шараны өткізуге арналған орташа шығыстар - 4 408,0 мың теңге;
жастарға арналған бір әлеуметтік қызметтің жұмыс істеуіне жұмсалатын орташа шығыстар - 7 500,0 мың теңге;
жастардың әлеуметтік маңызды жобасын іске асыруға жұмсалатын орташа шығыстар - 2 171,0 мың теңге;
жастар саясатының өзекті мәселелері жөніндегі бір әдістемелік құрал мен ұсынымды басып шығаруға жұмсалатын орташа шығыстары - 600 теңге;
«Жасыл ел» бір сарбазының қызметіне ақы-төлеуге арналған орташа шығыстар - 17,5 мың теңге;
«Жасыл ел» бір сарбазын киім-кешекпен қамтамасыз етуге арналған орташа шығыстар - 9,0 мың теңге;
Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің бір іс-шарасын өткізуге арналған орташа шығыстар - 3 295,0 мың теңге;
ұлттық бірлік тақырыбындағы қолданыстағы оқу материалдарын талдауға жұмсалатын орташа шығыстар - 725,0 мың теңге;
экскурсиялық, өлкетану жұмыстары бойынша 1 бағдарламаны әзірлеуге жұмсалатын орташа шығыстар - 863,0 мың теңге;
мемлекеттік рәміздері бар 1 бояу-кітапшаны басып шығаруға жұмсалатын орташа шығыстар - 100 теңге;
мектепке дейінгі, бастауыш мектеп және орта мектеп жасындағы балаларға арналған патриоттық мазмұндағы 1 кітапты шығаруға жұмсалатын орташа шығыстар - 2,0 мың теңге.
Уақтылығы: іс-шараларды тиісті бағдарламалардың іс-шаралар жоспарымен көзделген мерзімде өткізу.
Сапасы: жастар арасында болып жатқан процестерді өздігінен реттеу деңгейін өсіру; еліміздегі жастардың кемінде 102%-ының азаматтық санасын арттыру; патриоттық құндылықтардың, көзқарастар мен сенімдердің маңызын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
254-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға мақсатты берілетін даму трансферттері»
деген 045 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 2276348 мың теңге (екі миллиард екі жүз жетпіс алты миллион үш жүз қырық сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамуы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамының құрылуы» 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; 2007-2009 жылдарға арналған «Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті жою.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Орта білім беру ұйымдарына арналған компьютерлік сыныптарды құру тұрғындарды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану көптеп оқыту.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 2008 жылы ақпараттық технологиялар айлықтары өткізіледі.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасында тұрғындардың компьютерлік білім алу көрсеткіштерін жоғары деңгейге жеткізу.
Финанстық-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздігін азайту және тұрғындардың компьютерлік біліктілікті 13,2%-ға дейін ұлғайту.
Уақытылығы: Іс-шаралардың орындалуы бекітілген мерзімдерге сай келісіммен жүзеге асырылады.
Сапалылығы: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздіктің азаюына септігін тигізу үшін халықты компьютерлік сауаттылыққа үйрету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
255-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне бастауыш, негізгі орта және жалпы орта
білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология
кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» деген
048 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 2412400 мың теңге (екі миллиард төрт жүз он екі миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 64-бабы; «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қазіргі материалдық-техникалық база құру және оны қамтамасыз ету нормативтік талаптарға сәйкестендіру, мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім стандарттарына сәйкес мемлекеттік бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының оқу үрдісін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін мемлекеттік бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыру үшін қаржылай қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: