2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысына 231-264-қосымшалар) (үзінді) (2008.23.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

Соңғы нәтиже:

жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың оқу үлгерімдерінің көрсеткіштерін көтеру.

Қаржы-экономикалық нәтиже:

Стипендияның ай сайынғы төлеу айырмасы 1 оқушыға 853 теңгені құрайды.

Уақтылығы:

жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың стипендиясының айырмасын уақытылы төлеу.

Сапасы:

барлық оқушылардың 70 пайызын стипендиямен қамтамасыз ету.

* Республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледі.

 

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 262-2-қосымшамен толықтырылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

262-2-ҚОСЫМША

 

225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым мннистрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған

«Білім саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу»

деген 080 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 70000 мың теңге (жетпіс миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:»Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 2001 жылғы 9 шілдедегі, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 маусымдағы Заңы, «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ету. Білім саласын және оның тиімді дамуын, өзекті зерттеулер жолы және бәсекелестікті жоғарылату механизмі негізінде анықтау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: білім саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша аналитикалық зерттеу;

есептер жасалады және методикалық ұсыныстар құрылады.

Соңғы нәтиже:

Білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша білім беру ұйымдарының және Қазақстан Республикасы азаматтарының ақпаратқа қол жетімділігін жоғарылату. Білімнің тиімді дамуын қамтамасыз етуге ұсыныстар мен әдістерін дайындау.

Қаржы-экономикалық нәтиже:

Білім саласындағы өзекті мәселелерді зерттеуге - 70 000,0 мың теңге.

Уақтылығы:

белгіленген мерзімде жоспарланған іс-шараларды орындау.

Сапасы:

Тапсырыс берушінің талабына сәйкес зерттеудің сапа деңгейін қамтамасыз ету. Білім саласындағы аса маңызды жеке мәселелерді қамту және оны тиімді шешуге әсер ететін ұсыныстарды жасау.

 

ҚР Үкіметінің 2008.03.10. № 911 қаулысымен 262-3-қосымшамен толықтырылды

 

Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

262-3-ҚОСЫМША

 

225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Парасат» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру»

деген 081 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

1. Құны: 1400000 мың теңге (бір миллиард терт жүз миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 9 шілдедегі «Ғылым туралы» заң; Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 2895 «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 348 «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы; 2007 жылғы 28 ақпандағы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1057 «Ғылым қоры» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 758 «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған (І кезең) іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Еліміздің ғылыми-технологиялық дамуы үшін төмендегідей жолдармен жағдайлар жасау:

елімізде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың дамуына көмек көрсету. Жеке және кәсіпкерлік секторлардың ғылым дамуына қатысуын ынталандыру, соның ішінде ғылыми-зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын бірлесіп қаржыландыру жолымен жағдайлар жасау. Тау-кен-металлургиялық және көмірсутегі саласы үшін жаңа бәсекеге қабілетті технологияларды зерттеу және әзірлеуді жоғары сапалы сараптамамен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша жобаларды қаржыландыру жөніндегі іс-шараларды, соның ішінде ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамытуға жәрдемдесуге бағытталған жобаларды таңдау, талдау, сараптау, мониторингілеу және өзге де іс-шараларын жүзеге асыру.

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

«Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру арқылы «Ғылым қоры» АҚ жарғылық капиталын толықтыру.

Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру арқылы «Жер туралы, металлургия және кен байыту» АҚ жарғылық капиталын толықтыру.

Соңғы нәтиже:

ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қолдайтын кешенді жүйелер құру; ғылыми-техникалық өнімдер және қызмет көрсету нарығын капиталдандыруды арттыру; 2012 жылға тәжірибелі ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша 5 перспективалық жобаны өндіру.

Сапасы:

- «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ құрамына кірген компаниялардың қызметінің тиімділігін арттыру;

- елімізде ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ету.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

263-ҚОСЫМША

 

 

225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»

деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

1. Құны: 7442 мың теңге (жеті миллион төрт жүз қырық екі мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 11-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы туралы» 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 Жарлығы; «Қазақстан Республикасындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлық пен есірткіге тәуелділіктің таратылуының алдын алу, мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестегі өзара іс-қимылын нығайту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы әлеуметтік емдеуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру; салауатты өмір сүруді насихаттау, есірткіге тәуелді адамдарды сауықтыруға және оңалтуға бағытталған іс-шаралар өткізу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Балалардың жасөспірімдер мен жастардың салауатты өмір салты мен иммунитеттерін қалыптастыру.

Түпкі нәтиже: Республикадағы білім беру мекемелері оқушыларының арасындағы есірткіге тәуелді адамдардың санын қысқарту.

Қаржы-экономикалық нәтиже: Республикалық бюджет қаражатын тиімді қолдану.

Уақтылығы: Бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес іс-шаралар өткізу.

Сапасы: Оқушылардың, жастардың есірткі құралдарын пайдалану салдарынан келген нашақорлықтың залалын түсінуі. Есірткі заттарын заңсыз пайдалану деңгейін төмендету және Қазақстан Республикасының 45 % оқушылары мен студенттеріне салауатты өмір салты дағдыларын сіңіру.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

264-ҚОСЫМША

 

 

225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»

деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

1. Құны: 321800 мың теңге (үш жүз жиырма бір миллион сегіз жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамуы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамының құрылуы» 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; 2007-2009 жылдарға арналған «Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: нормативтік құқықтық және әдістемелік базасын құру, тұрғындарға электрондық білім қызмет көрсетуді құру, қалыптастыру және дамыту, тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа оқыту нәтижелерін мониторлау, ақпараттық технология және менеджмент саласында қашықтықтан және күндізгі білім беру оқыту-консалтингті орталықтарын құру туралы жобаға дейін жұмыс жүргізу, ақпараттың, білімнің, қызмет көрсетудің, өнімнің бағдарламалық қамтамасыз етілуіне жаңа экспорттық мүмкіндіктерді енгізу; ақпараттық-коммуникациялық технология сервистерін ұсыну, тұрғындарды ақпараттық қоғамға, сондай-ақ қашықтан оқылуға, Интернетке қосылуға жалпы мүмкіндік алу мен тұрғындарды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға жаппай үйрету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 500 000 дана оқулық-әдістемелік пособиясын және электрондық оқыту бағдарламасын басып шығару.

Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасында тұрғындардың компьютерлік білім алу көрсеткіштерін жоғары деңгейге жеткізу.

Уақыттылығы: Іс-шаралардың орындалуы бекітілген мерзімдерге сай келісіммен жүзеге асырылады.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздігін азайту және компьютерлік білім тұрғындардың санын алған 13,2%-ға дейін ұлғайту.

Сапасы: Тұрғындарды Қазақстан Республикасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетуге ықпал ететін компьютерлік сауаттылыққа оқыту.