«Үйлерінде оқып және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру туралы» Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № А-1/44 қаулысы (күші жойылды)

Үйлерінде оқып және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру туралы
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № А-1/44 қаулысы

 

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № А-11/2158 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабын 2 тармағын 3 тармақшасын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 14 тармағына сәйкес Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Үйлерінде оқып және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыру 18 жасқа толмаған әр мүгедек балаға тоқсанына 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қалалық бюджеттің "Мүгедектерді әлеуметтік қолдау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатынан ұсынылсын.

2. Келесі анықталсын:

1) материалдық қамсыздандыру туылған, асырап алынған, сондай-ақ қамқоршылыққа алынған (толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедек балалардан басқасы) балалардың ата-аналарының біреуіне немесе олардың орнындарындағы тұлғаларға отбасының табысына қарамастан ұсынылады.

2) материалдық қамсыздандыру құжаттар берілген айдан бастап облыстық әкімдіктің білім беру департаментінің психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы бойынша ұсынылады;

3) материалдық қамсыздандыру 12 ай мерзіміне тағайындалады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.