2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысына 364-372-қосымшалар) (үзінді) (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы (үзінді)

(2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналардың:

364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

364-ҚОСЫМША

 

 

601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Ғарыш саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»

деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 157932 мың теңге (бір жүз елу жеті миллион тоғыз жүз отыз екі мың теңге).

 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3, 21-24-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы» 2007 жылғы 27 наурыздағы № 302 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 Қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; Қазақстан Республикасында ғарыш саласын құру және дамыту; Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық базасын құру; ғарыш қызметі саласында мемлекеттік техникалық қадағалауды және бақылауды жүзеге асыру; ғарыш қызметі саласында халықаралық ықпалдастықты жүзеге асыру.

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыру.

Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасында ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту.

Қаржы-экономикалық нәтиже: бір қызметшіні ұстауға орташа шығын жылына 1249,50 мың теңгені құрайды.

Уақытылы: жасасқан шарттарға және бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес.

Сапалығы: кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына және қазіргі экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

365-ҚОСЫМША

 

 

601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Ғарыш қызмет саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»

деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің  2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 900535 мың теңге (тоғыз жүз миллион бес жүз отыз бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» 2001 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің»Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 1996 жылғы 11 наурыздағы № 2895 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің»2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалық-инновациялық дамуы туралы« 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы;» Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастырудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ғарыш саласының қажеттіліктерін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, «зерттеулер-әзірлеу-өндірісті дайындау-өнеркәсіптік игеру» бірыңғай ғылыми-өндірістік циклға көшуге ықпал ететін жаңа ғылымды қажетсінетін өндірістерді ұйымдастыру, ғылыми-техникалық және т.б. салаларда инновациялық қызметті дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу. Отандық технологиялардың бәсекеге қабілеттігін арттыру, өндірістің ғылымды қажетсінетін салаларын тұрақты дамыту үшін жағдайлар жасау; ғылым мен жаңа отандық технологиялар жетістіктерін іске асыру.

ҚР Үкіметінің  2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агентгігі төрағасының бұйрығымен бекітілген қолданбалы ғылыми бағдарламалар бойынша, тақырыптар бойынша жобалардың басым бағыттары бойынша өткізу.

Түпкі нәтиже: Астрогеофизикалық зерттеулердің ғылыми және эксперименттік базасын дамыту, ғарыш ауа-райы мониторингінің және болжаудың көп деңгейлі жүйесін, базалық инфрақұрылымды және Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыш мониторингі жүйесінің тақырыптық кіші жүйелерін, Қазақстанның және оған іргелес аумақтардың жер қабатының жер үсті-ғарыштық геодинамикалық және геофизикалық мониторингі жүйесін, ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздік жүйесін қоса алғандағы ғарыш саласының ғылымды қажетсінетін компоненттерін құру және дамыту.

Қаржы-экономикалық нәтижесі: ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-эксперименттік базасының даму деңгейін арттыру нәтижесіңде алынатын жанама экономикалық әрі әлеуметтік әсер болуы мүмкін халыкқа және техникалық кұралдарға зиянды әсерін азайту; ғарыш ауа-райының көп деңгейлі жүйесін құруға байланысты; Қазақстанның және оған іргелес аумақтардың жер қабатының жер үсті-ғарыштық геодинамикалық және геофизикалық мониторингі жүйесін құруға байланысты;, ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздік жүйесін енгізу нәтижесінде қауіпсіздік деңгейін арттыру.

Уақтылылғы: жұмыстар жүргізу кестесіне сәйкес.

Сапасы: жоғарыда аталған қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу түпкі нәтижесінде Республикамыз үшін стратегиялық тұрғыдан алғандағы проблеманы шешуге - Қазақстан Республикасында ғарыш саласын құруға және оның кейіннен жүмыс істеуіне және Қазақстанның озық ғарыш мемлекеттердің қатарына енуіне ықпал етеді.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

366-ҚОСЫМША

 

 

601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін даярлау»

деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің  2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 16276 мың теңге (он алты миллион екі жүз жетпіс алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкерлеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Федеральды ғарыш агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерінің Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында топтағы арнайы дайындықтан өту тәртібі мен шарттары туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 тамыздағы № 819 қаулысы; «Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында Қазақстан Республикасының ғарышкер-сынаушыларын даярлауға байланысты шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 919 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Халықаралық ғарыш станциясына ұшу және ғарыштық зерттеулер мен эксперименттер жасаудың қазақстандық бағдарламасын орындау үшін Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында (Мәскеу қаласы) Қазақстан Республикасының екі ғарышкер-сынаушысын топта даярлауға арнайы дайындық.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: екі ғарышкер-сынаушының Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында (Мәскеу қаласы) болу және арнайы оқу үшін жағдайлармен қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің  2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының екі ғарышкер-сынаушысының топта Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында арнайы даярлықтан өтуі.

Соңғы нәтиже: ғарышкер-сынаушылардың оқу жоспары мен бағдарламаларды толық көлемде игеруі және олардың Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген Халықаралық ғарыш станциясына ұшу кезінде ғарыштық зерттеулер мен эксперименттердің қазақстандық бағдарламаларын орындауға дайындығы.

Қаржы-экономикалық тиімділік: топтағы бір ғарышкер-сынаушы арнайы дайындығының құны 8138 мың теңгені құрайды.

Уақытылығы: Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығымен жасасқан шартқа сәйкес.

Сапа: Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерінің арнаулы дайындықтан өту тәртібі және жағдайы туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Ресей авиация-ғарыш агенттігі арасындағы хаттаманы іске асыру.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

367-ҚОСЫМША

 

 

601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

« «Қазақстан Ғарыш Сапар» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»

деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 5276242 мың теңге (бес миллиард екі жүз жетпіс алты миллион екі жүз қырық екі мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы № 242 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласында ағымдағы, ұзақ мерзімді

салааралық бағдарламаларды іске асыру үшін жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары тиімді ақпараттық, ғарыштық технологиялар мен жүйелер жасау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесін, 3 жыл әр аппаратты жасау технологиялық кезеңімен массасы 3 тоннаға дейін ҒА бір уақытта жасай алатын ҒТ АКТБ құрастыру-сынау кешенін құру; Қазақстан Республикасының жоғары нақтылы спутниктік навигациясы жүйесінің жер үсті инфрақұрылымын құру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: