Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 915 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 105 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 915 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 392-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламада:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Қаржыландыру көздері» деген жолдағы «3474,8», «1182,3», «904,1», «1388,4» деген сандар тиісінше «7796,7», «1223,4», «2051,1», «4522,2» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер» деген жолда «Арал өңіріндегі экологиялық ахуалды жақсартуға,» деген сөздерден кейін «нарықтық инфрақұрылымды дамытуға,» деген сөздермен толықтырылсын;
«Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі» деген 5-бөлімде:
«Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету» деген 5.1.2-кіші бөлімнің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызылорда қаласындағы су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңарту және кеңейту»;
«Нарықтық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу» деген 5.1.4-кіші бөлім мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Қызылорда қаласындағы жылу энергия көздері мен тұрғын үй секторын ілеспе газға көшіру» жобасын іске асыру жалғасатын болады.»;
«Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімде:
бірінші абзацтағы «20947,8», «7790,0», «6569,5», «6588,3» деген сандар тиісінше «25269,7», «7831,1», «7716,5», «9722,1» деген сандармен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «3474,8», «1182,3», «904,1», «1388,4» деген сандар тиісінше «7796,7», «1223,4», «2051,1», «4522,2» деген сандармен ауыстырылсын.
«Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер» деген 7-бөлім мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Қызылорда қаласының жылу энергия көздері мен тұрғын үй секторын ілеспе газға көшіру» жобасын іске асыру жалғасатын болады.»;
«Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
«Экологиялық ахуалды жақсарту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру» деген 1-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын: