7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: оқушылардың кем дегенде 13 халықаралық жарысқа даярлану және қатысу. Республикалық спорт колледжінде жылдық орташа контингенті 238 адамды оқыту. Республикалық спорт колледжінде мамандар даярлауға жағдайлар жасау үшін негізгі құралдар сатып алу: кемінде 2 жиынтық жиһаз, тұрмыстық техника - кемінде 5 бірлік, көшірме-көбейту аппараты, мінбе. Республикалық спорт колледжінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу.
Соңғы нәтиже: спорт ұйымдарында еңбекке орналасатын түлектердің үлесі - 60 пайызды, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыратын түлектердің үлесі - 40 пайызды құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір оқушыны оқытуға кететін шығынның орташа құны - 535,0 мың теңге.
Уақтылығы: дене шынықтыру және спорт саласына кемінде 76 - орта кәсіптік білімі бар білікті мамандар даярлап шығару.
Сапасы: біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету арқылы дене шынықтыру және спорт саласын дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
61-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 505543 мың теңге (бес жүз бес миллион бес жүз қырық үш мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 4, 8, 9, 14, 26-баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің»«Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығы,»«Экономиканың маңызды секторларында пилоттық кластерлерді құру мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы,»«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысы, «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 156 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның тартымды туристік объектісі ретінде имиджін жоғарылату және Қазақстанды орталық азия аймағының туристік орталығына айналдыруда туристік кластерді дамыту мен бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: туризм индустриясын дамыту үшін қолайлы инвестициялық климат тудыру; ұлттық тур өнімді қалыптастыру және оның сапасын әлемдік деңгейге сай қамтамасыз ету; туризм индустриясына жаңа технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді енгізу; Қазақстанның халықаралық туристік имиджін нығайту мақсатында ірі халықаралық іс-шаралар мен форумдар ұйымдастыру және қатысу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) республиканың туристік әлеуетін танымал ету мақсатында Қазақстанның халықаралық тоғыз туристік іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету;
2) ішкі туризмді дамытуға және шетелдік туристерді тартуға жәрдемдесу мақсатында сегіз ішкі туристік іс-шара өткізу, соның ішінде халықаралық конференция және үш республикалық семинарлар және кеңестер өткізу;
3) туристік мүмкіндіктер туралы жарнамалық және ақпараттық-анықтамалық өнімдерді 121 мың дана етіп басып шығару, Қазақстан туризмі туралы ақпараттық вакуумды жою мақсатында туристік болашақ туралы бейнематериалдарды әлемдік арналардан жылына кемінде 500 рет көрсету;
4) Азиядағы жаңа туристік бағыт ретінде Қазақстан Республикасына қызығушылықты ынталандыру мақсатында жыл сайын туристік слоган мен брендті әзірлеу бойынша ұлттық конкурс өткізу;
5) Қазақстан Республикасының халықаралық туристік қоғамдастыққа енуін белсендіру мақсатында Қазақстанның Дүниежүзілік туристік ұйымының Еуропа үшін кезекті комиссиясының отырыстарына қатысу.
Соңғы нәтиже: туристік қызмет көрсетулердің халықаралық нарығында бәсекеге қабілетті ұлттық туристік өнімді жетілдіру және іске асыру;
әлеуетті туристердің Қазақстанның мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру;
жергілікті халық пен шетелдік азаматтардың арасында туристік мүмкіндіктерді танымал ету;
Қазақстанның оң туристік беделін қалыптастыру;
ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыру және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру;
туризм саласындағы даму және мемлекеттік-жеке серіктігі мәселелер бойынша тәжірибемен алмасу.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
Қазақстанның халықаралық туристік іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етуге орташа шығыс - 21468,88 мың теңге;
ішкі туристік іс-шараны өткізуге орташа шығыс - 5778,3 мың теңге;
туризмді дамыту мәселелері бойынша бір ақпараттық-анықтамалық материалды жасау мен басып шығаруға орташа шығыс - 0,353 мың теңге;
Қазақстанның туристік әлеуетті жайлы бір жарнамалық-анықтамалық материалды шығару үшін - 1,728 мың теңге;
шетел БАҚ-да Қазақстанның туристік әлеуеті жайлы жарнама-ақпараттық материалды эфирге шығарудың орташа құны - 359,14 мың теңге.
Уақтылығы: Осы бюджеттік бағдарламаның шеңберінде іс-шараларды 2008 жылы және іске асыру Қазақстанның халықаралық туристік оқиғаларға қатысуы жөніндегі жұмысты жалғастыруға және жандандыруға, өзіндік іс-шаралар өткізуге және туризм саласына инвестициялар мен жеке капиталды тарту үшін жағдайлар туғызуға мүмкіндік береді.