2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысына 52-63-қосымшалар) (үзінді) (2008.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

Сапасы: Туризм үшін тартымды ел ретінде Қазақстанның туристік беделін нығайту. Елдің туристік әлеуеті мен туристік қызметтердің сапасын жетілдіру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

62-ҚОСЫМША

 

 

205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Жоғары жетістіктер спортын дамыту»

деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 4526064 мың теңге (төрт миллиард бес жүз жиырма алты миллион алпыс төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2, 4, 15, 18, 25, 30-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің»«Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі дайындығының Президенттік сынақтары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы № 774 қаулысы; «Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2006 жылғы Туриндегі (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегі (Қытай Халық Республикасы) ХХІХ жазғы Олимпиадалық ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 286 қаулысы;»«Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 209 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы», «Күрес турлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы», «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы», «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 359 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық  бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу және халықаралық спорт аренасындағы Қазақстан Республикасының беделін нығайту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларына олимпиадалық резерв даярлау, республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарға қатысуы, республика құрама командаларын ұйымдық медициналық қамтамасыз ету, халық арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау және патриоттық тәрбие беру, құрама командалар спортшыларының шеберлігін арттыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, спортшылар мен жаттықтырушыларға әлеуметтік қолдау көрсету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары мүшелерінің жазғы Олимпиада ойындарында спорттың 24 түрінен және басқа халықаралық спорттық іс-шараларда орта есеппен спорттың 64 түрінен қатысу. Орта есеппен 680 оқу-жаттығу жиынын, 360 республикалық жарыс өткізу және спорт түрлерінен 480 халықаралық жарысқа қатысу. Жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарын қоса алғанда халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін даярлау. Кемінде 2560 адам республика құрама командалары спортшыларын диспансерлік қадағалау және емдеу. Спорт түрлерінен республиканың ұлттық құрама командаларын сапалы ұйымдастыру мақсатында Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясына кемінде 140 дана спорттық мүкәмал сатып алу, компьютерлер жинағы - кемінде 4 дана, кеңсе техникасы - кемінде 10 дана.

Олимпиадалық спорт түрлерінен КСРО және Қазақстан Республикасы құрама командаларында болған және кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар спортшыларды және жаттықтырушыларды олимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионатының жеңімпаздарына - кемінде 110 адамға заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде өмірлік материалдық қамсыздандыру төлеу.

Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарында спортшыларды даярлауды жақсарту үшін: спорттық мүкәмал кемінде 128 бірлік, компьютерлер жинағы - кемінде 4 дана, кеңсе техникасы - кемінде 2 дана, тұрмыстық техника кемінде 16 дана, жиһаз - кемінде 12 дана, автокөлік - 2 бірлік сатып алу.

Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының денсаулығын жақсарту үшін республикалық спорттық медицина және оңалту орталығына және допингке қарсы зертханаға кемінде 33 дана медициналық және арнайы жабдық, компьютерлер жинағы - кемінде 3 дана, кеңсе техникасы кемінде 1 дана сатып алу.

Қаржы-экономикалық нәтиже: бір спортшыны дайындауға кететін шығынның орташа құны - 2256,2 мың теңге.

Соңғы нәтиже: жоғары сыныпты спортшылар даярлау жүйесін жетілдіру. Ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында республиканың құрама командалары мүшелерінің халықаралық жарыстарда, соның ішінде Олимпиада ойындарында, Әлем, Азия, Европа чемпионаттарында, Орталық Азия ойындарында, Спартакиадада табысты өнер көрсету және материалдық-техникалық базаны жақсарту.

Уақтылығы: республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізу.

Сапасы: спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының халықаралық деңгейдегі рейтингін арттыру және әлемдік спорт аренасында Қазақстан спортының беделін нығайту, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмір салты қағидаттарын енгізу.

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 62-1-қосымшамен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

     Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

     62-1-қосымша

 

205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

021 «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын дамыту"

деген республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 48 257 мың теңге (қырық сегіз миллион екі жүз елу жеті мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығы, «Экономиканың маңызды секторларында пилоттық кластерлерді құру мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысы, «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 156 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қазақстандық және шетелдік келуші туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз және қанағаттандыра алатын тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылым құру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы аумағында әкімшілік ғимаратын салуға арналған жобалық-сметалық құжатын әзірлеу;

«Бурабай» арнайы экономикалық аймағы территориясын қоршау бойынша келісім-шарт жасау.

Соңғы нәтиже: «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы территориясын қоршау, «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы аумағында әкімшілік ғимараты құрылысының жобалық-сметалық құжатын бекіту.

Қаржы-экономикалық нәтиже: аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету, аймаққа инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру.

Уақтылығы: «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру және дамыту бағдарламасын орындау.

Сапасы: «Бурабай» арнайы экономикалық аймағына қатысушылар тарапынан арыздардың болмауы.

 

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

63-ҚОСЫМША

 

 

205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»

деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 

1. Құны: 11510 мың теңге (он бір миллион бес жүз он мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 8-бабы; «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және  есірткі бизнесіне қарсы күресудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы әрекеттің тиімділігін одан әрі тарату жөніндегі жүйелердің негізгі буындарын нығайту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: есірткіні пайдаланудың алдын алу, республикалық деңгейде есірткіге қарсы спорттық іс-шаралар өткізу арқылы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру; дене шынықтыру мен спортты насихаттау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен, спортпен және туризммен шұғылдануға тарту үшін 6 спорттық-бұқаралық және 2 туристік іс-шаралар өткізу.

Соңғы нәтиже: қоғамдық иммунитетті қалыптастыру, есірткіге тәуелді адамдардың санын азайту.

Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 іс-шараға кететін шығынның құны - 1 438,75 мың теңге.

Уақтылығы: белгіленген уақытта жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалуы.

Сапасы: азаматтардың нашақорлықтың зиянын, есірткі заттарын пайдаланудан кейін болатын өкінішті салдарларды сезінуі, республикалық және өңірлік деңгейлерде есірткіге қарсы іс-шаралар өткізу арқылы және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, балалар мен жастарға арналған спорттық-бұқаралық және туристік іс-шаралар ұйымдастыру арқылы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру.