Алматы облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы «Алматы облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» № 5-26 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 6-33 шешімі

Алматы облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы «Алматы облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» № 5-26 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 6-33 шешімі

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111 - бабының 1, 2 - тармақтарына және 115 - бабына және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 1 - тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Алматы облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 12 желтоқсандағы «Алматы облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» № 5-26 шешіміне (2008 жылғы 3 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1998 нөмірімен тіркелген), төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Кірістер»  «94768032» саны «94791509» санына ауыстырылсын,

соның ішінде:

«трансферттердің түсімдері» «82144741» саны «82168218» санына ауыстырылсын,  соның ішінде:

«нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару  23477 мың теңге» деген жолмен толықтырылсын;

2) «Шығындар» «94666732» саны «95523597» санына ауыстырылсын;

3) «Операциялық сальдо» «101300» саны «-732088» санына ауыстырылсын;

4) «таза бюджеттік несиелендіру» «599000» саны «406870» санына ауыстырылсын, оның ішінде:

«бюджеттік кредиттерді өтеу  192130 мың теңге» деген жолмен толықтырылсын;

5) «қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо» «101300» саны «123300» санына ауыстырылсын, оның ішінде:

«қаржы активтерін сатып алу» «101300» саны «123300» санына ауыстырылсын;

6) «тапшылық» «-599000» саны «-1262258» санына ауыстырылсын;

7) «бюджет тапшылығын қаржыландыруға» «599000» саны «1262258» санына ауыстырылсын, оның ішінде:

«бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы 663258 мың теңге» деген жолмен толықтырылсын;

10 тармақтағы:

«8005185» саны «8072017» санына ауыстырылсын;

11  тармақтағы:

«724500» саны «828395» санына ауыстырылсын.

2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

3. Көрсетілген шешімнің 4 қосымшасы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.