Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (терапиялық сала) «Инсулинге тәуелсіз қантты диабет. Хаттама коды: Р-T-025» (Алматы 2007 ж.)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты
 
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары

(терапиялық сала)

 

Алматы 2007 ж.

 

 

Инсулинге тәуелсіз қантты диабет

 

1. Инсулинге тәуелсіз қантты диабет

2. Хаттама коды: Р-T-025

3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): Е11 Инсулинге тәуелсіз қантты диабет

4. Анықтамасы: Қантты диабет - салыстырмалы инсулиндік жеткіліксіздікпен және инсулинге тұрақтылықпен шартталған, зат алмасу бұзылуларына, қантмырлар зақымдалуы (түрлі ангиопатиялар), нейропатиялар және түрлі ағзалар мен тіндердегі патологиялық өзгерістерге алып келетін созылмалы гипергликемия және глюкозурияның клиникалық синдромы.

5. Жіктемесі: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, 1999

 

Қантты диабеттің типтері

Аурулардың мінездемесі

1 типтегі Қантты диабет

Аутоиммундық

Идиопатиялық

Инсулиннің абсолюттік жетіспеушілігінің дамуымен, ұйқы безінің β-клеткаларының деструкциясы

2 типтегі Қантты диабет

Басым инсулинге тұрақтылық пен салыстырмалы инсулиндік жетіспеушілік немесе инсулинге тұрақтылық немесе онсыз инсулин өндірілуінің басым ақауы

Гестациондық Қантты диабет

Жүктілік кезінде туындайды және ол аяқталғаннан кейін бітеді

Қантты диабеттің басқа типтері

Клетка функцияларының генетикалық ақаулары

Инсулиннің әрекетіндегі генетикалық ақаулар

Ұйқы безінің экзокринді бөлігінің ауруы

Эндокринопатиялар

Дәрілермен немесе химикалиялармен ынталандырылған диабет

Инфекциялармен ынталандырылған диабет

Тікелей иммундық диабеттің ерекше формасы

Қантты диабетпен қосарланған басқа да генетикалық синдромдар

 

2 типтегі қантты диабет (ҚД 2) - инсулиннің абсолюттік тапшылығымен шартталған, көмірсу, сонан соң метаболизмнің басқа да түрлерінің бұзылыстарына алып келетін, полиэтиологиялық синдром. Ауру көбінесе 35-40 жастағы тұлғаларда дамиды (80%).

 

Қантты диабеттің ауырлық дәрежесін анықтау

Жеңіл ағымдағы Қантты диабет

Жақсы метаболикалық бақылауға қантты төмендететін препараттарды қолданусыз қол жеткізіледі

Диабеттің микро- және макроқантамырлық асқынулары жоқ

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.