2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысына 290-314 қосымшалар) (үзінді) (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

1. Кіші бағдарлама 100:

1) 1 (біреу) аналитикалық есепнама; 1 (біреу) әдістемелік нұсқау;

2) Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасындағы өтпелі объектілер бойынша мониторингті жүргізу;

3) 1 (біреу) анықтамалық және 4 (төрт) әдістемелік нұсқау; 2008 жылда аяқталатын 1 әдістемелік және 6 нормативтік құжаттарды әзірлейтін жұмыстар басталады;

2. Жер асты сулары мониторингінің сапалы және сандық мәліметтері (көрсеткіштері) (101 кіші бағдарлама):

1) мемлекеттік сетьтің 5000 бақылау пункттарында жер асты суларына мониторинг жүргізу; (ЖСММ);

2) 13 поста жер сілкіну болуын зерттеу жөнінде;

3) 4 полигонда жер асты суларының техногендік ластануы (Елек, Қошқарата, Мырғалымсай-Түркістан және Семей);

4) жер асты суларының техногенді ластану мониторингына Рудный-Қостанай полигонын құруды аяқтау;

5) мемлекеттік су кадастрын (жер асты сулары) жүргізу.

3. Қауіпті геологиялық процестер мониторингінің сапалы және сандық мәліметтері (көрсеткіштері):

1) 42 поста қауіпті геологиялық процестер мониторингі;

2) 2 полигонда (Қаскелең-Талғар және Ертіс);

4. Қауіпті геологиялық процестерге және жер асты суларына мониторинг жүргізуді жолдау (9 объект).

Түпкі нәтиже:

1. Минералдық шикізаттардың қорын табу және өсіру жолымен мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; жер қойнауын пайдаланушыларды кен орындардың қоры жіктемелерін реттейтін жаңа нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамсыз ету.

2. 2008 жылдың 01.01. зерттеу жағдайы бойынша Қазақстан Республикасында тұтынушыларды қауіпті геологиялық процесс және жер асты суларының жағдайы туралы өз уақытында және толық ақпаратпен қамтамасыз ету.

Қаржы-экономикалық тиімділігі:

Бір объектісіндегі жұмыс жүргізу орта шығындары (кіші бағдарлама 100) - 5360,9 мың теңге;

Бір объект бойынша жұмыс жүргізудегі орташа шығын (101 кіші бағдарлама):

1) Жер асты суларына мониторинг:

- 1 бақылау пунктында жер асты суларына мониторинг жүргізу - 62000 теңге;

- 1 пунктта жер сілкіну болуын зерттеу бойынша бақылау жүргізу - 3000 теңге;

- 1 полигонда жер асты суларының техногенді ластануына бақылау жүргізу - 8333 теңге;

- жер асты суларының техногенді ластануына Рудный-Қостанай полигонын құра - 30000 теңге;

- мемлекеттік су кадастрын жүргізу (жер асты сулары) - 20000 мың теңге;

2) Қауіпті геологиялық процесс мониторингі:

- пост құру және 1 поста қауіпті геологиялық процеске мониторинг жүргізу - 1250 теңге;

- 1 полигонда қауіпті геологиялық процеске бақылау жүргізу - 19450 теңге;

3) Қауіпті геологиялық процестерге және жер асты суларына мониторинг жүргізуді жолдау: 1 объект - 7130,2 мың теңге.

Уақтылығы:

1. Тиімділікті пайдалану және ұдайы өндіру, бірінші кезектегі объектілерді ұсыну бойынша дәлелдік шешім алу үшін жер қойнауын пайдалану саласына инвестиция өсіру үшін пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің минералдық-шикізат базасының жай-күйі туралы ҚР мемлекеттік басқару органдарын нормативтік-құқықтық, картографиялық және анықтамалық-аналитикалық ақпараттармен тікелей қамтамасыз ету.

2. Жер асты суларының ластануы мен қорлардың жоюлы, қауіпті геологиялық процестердің білінуі мен жер асты суларының жағдайы, оларды жоюға басқармалық шешім қабылдау үшін өз уақытында ақпараттар тапсыру.

Сапасы:

1. Мониторинг және жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша жұмыс жүргізудегі және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көмек (геологиялық-барлау жұмыстар, бағаланған пайдалы қазба, картографиялық және анықтамалық-аналитикалық ақпарат) алушыларды қанағаттандыруы сауда қарым-қатынас жағдайда мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

2. Қауіпті геологиялық процесс және жер асты сулары жағдайы туралы толық және толымды ақпарат негізінде есеп дайындау.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

303-ҚОСЫМША

 

 

231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Ақпараттық жүйені дамыту»

деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ редакцияда жазылды

1. Құны: 447860 мың теңге (төрт жүз қырық жеті миллион сегіз жүз алпыс мың теңге.

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мұнай туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңының 6-бабы; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 8-бабы; Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысы;»Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1444 қаулысы; «Елдің минералдық шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қойнауы туралы деректердің мемлекеттік банкін дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік органдардың жедел шешім қабылдауға арналған сандық геологиялық ақпараттарын қалыптастыру; ішіне бастапқы геологиялық-геофизикалық ақпараттар енгізу, жер қойнауы туралы ақпараттық материалдардың бүтіндігін, жинақталу мүмкіншілігін, стандарттау және рұқсатпен енуді қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Геологиялық-геофизикалық материалдардың электрондық архивін құру; аумақтық компьютерлік орталықтарын құру; «Электрондық үкімет» порталы үшін деректер даярлаудың компьютерлік жүйесін жасау; Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің ситуациялық орталығын құру; жер қойнауы туралы деректер банкінің негізінде геологиялық мәселелерді шешу жүйесін құру; деректер банкін сандық геологиялық ақпаратпен толықтыру.

Түпкі нәтиже: 3000 өңдеуге мүмкіндіктері бар геологиялық есептер мәтіндері; ОДБ-на қосылған 2 аумақтық басқарма.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: геологиялық ақпаратты іздеу шығындарды 20%-ға қысқарту; минералдық-шикізаттық кешеннің инвестициялық тартымдылығын бүтіндей жоғарылату.

Уақыттылығы: жұмыстардың күнтізбелік жоспарға сәйкестілігі.

Сапасы: жасалып жатқан бағдарламалар халықаралық стандарттарға сай, осы заманғы технология мен техникалық база негізінде жасалған.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

304-ҚОСЫМША

 

 

231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Өздігінен төгіліп жатқан ұңғымаларды жою және консервациялау»

деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 692770 мың теңге (алты жүз тоқсан екі миллион жеті жүз жетпіс мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 48, 56-баптары; «Қазақстан Республикасында қатты пайдалы қазбалар, мұнай, газ, жер асты сулары кен орындарын әзірлеу жер қойнауын қорғаудың бірыңғай ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі № 1019 қаулысы; «Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қойнауын мұнайлық, радионуклидтік және химиялық ластанудың, табиғи су ресурстары ысырабының алдын алу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: су басу аймағында мұнай ұңғымаларын жою және тұмшалау, құрамында радионуклидті, жоғары дебитті, төгілетін тұщы сулы өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және тұмшалау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

1) құрлықта және Каспий теңізінің су басу аймағында 2002-2008 жылдары істелінген жұмыстардан бастап 80 мұнай ұңғымасы, оның ішінде 2008 жылы ұңғыманың жалпы көлемінен 86,9 құрайтын 4 мұнай ұңғымасы жойылды және консервацияланды;

2) 2002-2008 жылдары істелінген жұмыстардан бастап, оның ішінде 2008 жылы ұңғыманың жалпы көлемінен 19,61% құрайтын 433 өздігінен ағатын 73 гидрогеологиялық ұңғыма жойылды және консервацияланды.

Түпкі нәтиже: жер қойнауының мұнайлық, радионуклидтік және химиялық ластану қаупін төмендету, сондай-ақ 243 мың т.м/күн көлемінде табиғи су ресурстарының ысырабын азайту, алаңы 2582,8 мың ш.м астам аумақты құрғату.

Қаржылық-экономикалық нәтиже:

- теңізде бір ұңғыманы жоюға арналған орташа шығын 80000 мың теңгені құрайды;

- бір гидрогеологиялық ұңғыманы жоюға арналған орташа шығын 5106,4 мың теңгені құрайды.

Уақтылығы: уәкілетті орган бекітетін объектінің жоспарына сәйкес жұмыс жүргізу.

Сапасы: жұмыстар жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалды және құрамында ТЖМ, ҚОҚМ, санэпидқадағалау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері бар мемлекеттік комиссия қабылдады.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

305-ҚОСЫМША

 

 

231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Мұнай операцияларын жүргізуге арналған келісім-шарттарда, сондай-ақ көмірсутегін тасымалдау, қайта өңдеу және

өткізу кезінде мемлекет мүддесін білдіру»

деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 300000 мың теңге (үш жүз миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мұнай туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңының 6-бабы, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 8-бабы; «Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мұнай операцияларын жүргізуге келісім-шарттарда, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сату кезінде мемлекеттің мүдделерін сақтау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мұнай операцияларына келісім-шарттардың сақталу мониторингін ұйымдастыру және жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұнай операцияларын жүргізуге жасалған келісім-шарттарды қамтамасыз ету, мұнай-газ жобаларын, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сату бойынша жобаларды іске асырумен байланысты мәселелері жөнінде мемлекеттің мүдделерін білдіру, мұнай операцияларын жүргізу саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, мұнай-газ саласындағы өнімдермен қызметтердің, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сатудың қауіпсіздігі.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

1) мұнай операцияларын жүргізуге арналған кем дегенде 70 келісім-шарттардың мониторинг нәтижелері бойынша есептер;

2) мұнай операцияларын жүргізуге арналған келісім-шарттардың, соның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің жобаларын дайындау кезінде, сондай-ақ саны кем дегенде 6 келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде мемлекеттің мүдделерін білдіру бойынша құзыретті органның қажеттілігін қамтамасыз ету;

3) нормативтік құқықтық актілердің жобалары, мұнай операцияларын жүргізу, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды техникалық реттеу, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, өңдеу және сатуды техникалық реттеу, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, өңдеу және сату саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар (5-тен кем емес);

4) мұнай-газ саласының жобаларын, сондай-ақ консультанттарды тарту жолымен көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сату жөніндегі жобаларды іске асыруға байланысты даулы мәселелер бойынша мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету.

Түпкі нәтиже: мұнай-газ салаларының өнімдері мен қызметтерінің қауіпсіздігін мұнай операцияларын жүргізу саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жолымен табиғи ресурстарды пайдаланудың ашық саясатын қамтамасыз ету, мұнай операцияларын жүргізуге, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сату келісім-шарттарды іске асыру кезінде мемлекеттің шығындарының алдын-алу.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: мұнай-газ саласына тікелей инвестициялар тарту.

Уақтылығы: анықталған шарттар мен техникалық тапсырмалар мерзімдеріне сәйкес.

Сапасы: толық көлемде және белгіленген мерзімде қызмет көрсету.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

306-ҚОСЫМША

 

 

231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Қарағандышахтатарату» РМБК-ке берілген, жабылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген зиянды өтеу»

деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 117990 мың теңге (бір жүз он жеті миллион тоғыз жүз тоқсан мың теңге.

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 47-тарауы (Ерекше бөлім).

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жойылған шахталар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген залалдың өтемінде азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жойылған шахталар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген залалдың өтемін өз уақытында төлеуді қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: 663 адам санымен «Қарағандышахтатарату» РМБК-ге берілген, жойылған шахталар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген залалды өтеу төлемдері.

Уақтылығы: ай сайын 25-дейін уақтылы төлем.

Сапасы: жойылған шахталар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген залалды өтеу төлемі - 100%.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

307-ҚОСЫМША

 

 

231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Ақтөбе облысының облыстық бюджетіне Мәртөк ауданында жеткізуші газ

құбырын салуға берілетін нысаналы даму трансферттері»

деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 988857 мың теңге (тоғыз жүз сексен сегіз миллион  сегіз жүз елу жеті мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 маусымдағы № 669 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданының елді мекендерін арзан отын түрімен - ілеспе газбен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ұзындығы 69,8 км. Ақтөбе-Мәртөк газ құбырын жүргізу құрылысы.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Ақтөбе-Мәртөк газ құбырын жүргізу құрылысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі.

Түпкі нәтиже: Мәртөк ауданының елді мекендерінің арзан отынға (ілеспе газға) қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін газ құбырларын пайдалануға қосу.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: республика үшін экономикалық тиімділік Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының елді мекендерін отынның арзан түрімен - ілеспе газбен қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі.

Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.

Ескерту:

*) Жобалық-сметалық белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілген құжаттамаға сәйкес Ақтөбе-Мәртөк газ құбырын жүргізуші жөніндегі жобалар мен іс-шаралардың тізбесі, сондай-ақ күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламаларға сәйкес паспорттардан көрінеді.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

308-ҚОСЫМША

 

231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылу-энергетика

жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»

деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 33601251 мың теңге (отыз үш миллиард алты жүз бір миллион екі жүз елу бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының»«2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы; «Астана қаласының 2006-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 маусымдағы № 669 қаулысы; «Астана қаласының 2006-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысы; «Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған (екінші кезең) бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1007 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұрғын үй аймақтары мен қоғамдық ғимараттарды сенімді жылу және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету, елді мекенді пункттерді газдандыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жылу желілерінің жабдықтарын кеңейту және жаңғырту үшін жағдайларды қамтамасыз ету; электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру, газ-көлік инфрақұрылымын дамыту.

ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: