«2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 46 шешімі
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағына 1-тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. «2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 41 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4195 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінің 2007 жылғы 28, 29 желтоқсандағы № 281-282,283 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың:
1)тармақшасындағы:
«41542075» деген сандар «65331268» деген сандармен ауыстырылсын;
«5314905» деген сандар «7633190» деген сандармен ауыстырылсын;
«36160661» деген сандар «57631569» деген сандармен ауыстырылсын;
2)тармақшасындағы:
«41397175» деген сандар «69319142» деген сандармен ауыстырылсын;
3) тармақшасындағы:
«-144900» деген сандар «-3987874» деген сандармен ауыстырылсын;
4)тармақшасындағы:
«таза бюджеттік кредит беру» жолындағы «0» деген сан «814000» деген сандармен ауыстырылсын;
«бюджеттік кредиттер» жолындағы «0» деген сан «814000» деген сандармен ауыстырылсын;
5) тармақшасындағы:
«қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо» жолындағы «0» деген сан «44900» деген сандармен ауыстырылсын;
«қаржы активтерін сатып алу» жолындағы «0» деген сан «44900» деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақшасындағы:
«0» деген сан «-4846774» деген сандармен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «830842» деген сандар «1302452» деген сандармен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларымен толықтырылсын:
10) 36404 мың теңге - Ауған соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, Чернобыль АЭС апатының зардаптарын жоюға қатысқандар мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтеріне;