Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін) «Жалған толғақтар. Хаттама коды: H-O-006» (Алматы 2007 ж.)

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты
 
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары

(акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін)

 

Алматы 2007 ж.

 

 

Жалған толғақтар

 

1. Жалған толғақтар

2. Хаттама коды: H-O-006

3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):

О47 Жалған толғақтар

О47.0 Жүктіліктің толық 37 апта кезеңіндегі жалған толғақтар.

О47.1 Жүктіліктің толық 37 аптасынан басталған жалған толғақтар.

4. Анықтамасы: Жалған толғақтар - ауру сезімі қоса жүретін, бірақ жатыр мойны құрылымын өзгертпейтін (жатыр мойнының ашылуы), жатырдың анда-санда жиырылуы.

5. Жіктемесі:

Патологиялық прелиминарлық кезең - ұзақтығы 6 сағаттан аса.

6. Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жоспарлы

7. Диагностика критерилері: іштің төменгі жағындағы тұрақты ауырсынулардың болуы, жатыр мойнағының ашылмауы.

8. Негізгі диагностикалық  шаралар тізімі:

1. Іштегі нәресте маңындағы судың бар-жоғын тексеруге қырынды алу - нитразиндік тест немесе «папоротник» симптомы.

2. Зәрдің жалпы анализі.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

1. Іштегі нәрестенің кардиотокографиясы.

2. HbsAg

3. Анти HCV

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.