Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары
(акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж.
Түсік түсіруден кейінгі эндометрит
1. Түсік түсіруден кейінгі эндометрит
2. Хаттама коды: H-O-011
3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
008. Түсік, жатырдан тыс және молярлық жүктілік салдарынан болған асқынулар;
004.0. Жыныс жолдары және жамбас ағзалары инфекциясынан асқынған медициналық түсік,толық немесе нақтыланбаған түсік;
004.8. Басқа немесе нақтыланбаған асқынулары бар медициналық түсік,толық немесе нақтыланбаған түсік.
4. Анықтамасы: Жасанды түсіктен кейінгі эндометрит - жатырдың ішкі қызметтік қабатының (эндометрия) қабынуы. Себебі - стафилококктық,стрептококктық немесе колибациллярлық жұқпалар.Әдетте жатырдың түлемелі қабатының қалдықтарына микробтардың түсуі және үрдіске оған жақын жатқан миометрия аймақтарының қамтылуы нәтижесінде дамиды.
5. Жіктемесі: жоқ.
6. Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жоспарлы, шұғыл
7. Диагностика критерилері: Эндометрит симптомы жасанды түсік процессінде болған жұқпа салдарынан бірнеше күннен кейін пайда болады.
Тиісті терапиясыз ауру созылмалы формаға ауысады.
7.1 шағымдар мен анамнез: Дене қызуы 38С дейін көтеріледі,тамыр соғуы жиілейді, бірақ оның жиілігі дене қызуына сәйкес келеді, бір жолғы қалтырау болады. Жалпы күйі онша бұзылмайды.
7.2 физикалық тексеру:
Жіті эндометриттің негізгі белгілері:
· дене қызуының көтерілуі
· жалпы әлсіздік
· іштің төменгі жағының ауыруы
· сұйық ірің тектес бөлінулер (қан аралас болуы мүмкін)
Жергілікті өзгерістер: жатырдың субинволюциясы, «жатыр қабырғаларымен» ауырсындыру - ірі лимфа тамырлары орналасқан жерлер, ірің аралас лохийлер,лохиометр. Ауру 8-10 күн созылады. Пальпацияда жатыр үлкейген, ауырады.
7.3 лабораторлық зерттеулер:
· ЭТЖ (СОЭ) көтерілуі.
Қан анализі нейтрофильдің солға жылжуымен лейкоцитозды көрсетеді.
7.4. Инструменталды зерттеулер: тән емес
7.5. мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: жоқ
7.6. Дифференциалды диагноз: жоқ
8. Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1.Қанның жалпы анализі (6 параметр)